• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 14 марта, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Мәдениет
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЯХИЯ ТАСЫРОВТЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЯХИЯ ТАСЫРОВТЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

14.03.2026
айдар: Мәдениет
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлы Отан соғысы ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, 104 жастағы Яхия Тасыровты Амал мерекесімен құттықтады.

Аудан басшысы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғыс білдірді.

– Амал мерекесі – халқымыздың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, татулық пен сыйластықты дәріптейтін тағылымы мол мереке. Осындай мерейлі күні Сіздей елге сыйлы қарияның батасын алып, құрмет көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Сіздің сұрапыл соғыста жүріп өткен өмір жолыңыз кейінгі буынға бейбіт өмір сыйлады. Майдан даласында көрсеткен батырлығыңыз бен ел игілігі жолындағы еңбегіңіз – бүгінгі тәуелсіз еліміздің берік негізі. Үлкенге құрмет көрсету, жақсы істерін жастарға үлгі ету – біздің қасиетті парызымыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесу барысында ардагерге мерекелік сый-сияпат табысталып, ақжарма тілектер айтылды. Аудан басшысы қарияға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, ел игілігі жолында сіңірген еңбегі үшін ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде Яхия Тасыров көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, Яхия Тасыров – Қызылорда облысындағы жалғыз ҰОС ардагері. Ол 1922 жылы Тереңөзек ауданы, Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынған. Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазан айында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Данциг портында аяғынан ауыр жараланып, соғысты Германияда аяқтап, 1945 жылы қыркүйек айында елге оралған. Майданда көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Батыры Маршал Г.К.Жуков», Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы.

Алдыңғы пост

Қызылордада «Амал келді, Жыл келді» атты мерекелік шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЯХИЯ ТАСЫРОВТЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
  • Қызылордада «Амал келді, Жыл келді» атты мерекелік шара өтті
  • Амал мерекесіне арналған мерекелік шара өтті
  • Аршалыда сұмдық оқиға: бір отбасы мүшелері қаза тапты
  • Қызылордадағы «автобустар зираты»: Кім кінәлі?

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ЯХИЯ ТАСЫРОВТЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қызылордада «Амал келді, Жыл келді» атты мерекелік шара өтті

Амал мерекесіне арналған мерекелік шара өтті

Аршалыда сұмдық оқиға: бір отбасы мүшелері қаза тапты

Қызылордадағы «автобустар зираты»: Кім кінәлі?

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕР ЖӘНЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі