• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 13 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Бизнес
«АУЫЛ АМАНАТЫ» – ЕҢБЕККЕ БАСТАР ЖОЛ, КӘСІПКЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

«АУЫЛ АМАНАТЫ» – ЕҢБЕККЕ БАСТАР ЖОЛ, КӘСІПКЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

13.04.2026
айдар: Бизнес
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
4
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазіргі таңда ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту – елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына өз кәсібін бастауға, оны дамытуға және табысын арттыруға нақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл бастаманың игілігін көріп отырған жандардың бірі – Қызылорда облысы, Арал қаласының тұрғыны Гүлсая Әбілдаева.


2025 жылы кәсіпкер мемлекет тарапынан 9,8 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жолдасы Сабит Атақұловпен бірге пластик өнімдерін өндіретін шағын цехтың жұмысын жаңа деңгейге көтерді. Бұл отбасы үшін кәсіпкерлік – жаңа бастама емес. Олар бұл салада он жылдан астам уақыт еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған. Дегенмен, өндірісті кеңейтіп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көптен бергі мақсаттарының бірі болатын.
Аталған жоба аясында берілген 2,5 пайыздық тиімді несие сол мақсатқа жетудің нақты жолын ашты. Кәсіп иелері Түркиядан әкелінген «Craft» және «Yilmaz» маркалы заманауи құрылғыларды сатып алып, өндіріс үдерісін толық жаңғыртты. Соның нәтижесінде бұрын ұзақ уақытты қажет ететін жұмыс кезеңдері айтарлықтай қысқарып, сапалы өнімді небәрі 4–5 күн ішінде шығаруға мүмкіндік туды. Бұл тек уақыт үнемдеу ғана емес, өнім сапасының жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашты.
Бүгінде цехта өндірілген өнімдерге сұраныс жоғары. Тапсырыстар тек Арал ауданының елді мекендерінен ғана емес, облыстың өзге өңірлерінен, тіпті Ақтөбе аймағынан да келіп түсуде. Қазіргі таңда бұл отбасылық кәсіп екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Алдағы жоспарлар да ауқымды. Кәсіпкерлер өндіріс орнын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды, өнім көлемін бірнеше есеге арттыруды көздейді. Олардың айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасы кәсіптеріне тың серпін беріп, шағын істі ірі өндіріске айналдыруға жол ашқан.
Бұл тек бір отбасының жетістігі ғана емес, ауыл экономикасының дамуына қосылған елеулі үлес. Осындай нақты нәтижелер ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген ынтасын күшейтіп отыр.
Жалпы, Арал ауданында 2023–2025 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 1 миллиард 113 миллион теңгені құрайтын 179 жоба қаржылай қолдауға ие болған. Өткен жылы 43 жоба жүзеге асса, биыл тағы 85 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Мұндай бастамалар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етуде.

Алдыңғы пост

Отбасылық сатқындық үшін заңды жауапкершілік енгізілді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «АУЫЛ АМАНАТЫ» – ЕҢБЕККЕ БАСТАР ЖОЛ, КӘСІПКЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК
  • Отбасылық сатқындық үшін заңды жауапкершілік енгізілді.
  • ШҚО-да жұмысшылар кәріз құдығында қаза бола жаздады
  • Атырауда 7 жастағы қызды көлік қағып, қаза тапты.
  • Жұмыс тауып берем деп алдап, адамдарды сатып жүрген әйел ұсталды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» – ЕҢБЕККЕ БАСТАР ЖОЛ, КӘСІПКЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

Отбасылық сатқындық үшін заңды жауапкершілік енгізілді.

ШҚО-да жұмысшылар кәріз құдығында қаза бола жаздады

Атырауда 7 жастағы қызды көлік қағып, қаза тапты.

Жұмыс тауып берем деп алдап, адамдарды сатып жүрген әйел ұсталды

800 мыңға сәби сатпақ болды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі