• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 18 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

18.07.2025
айдар: Қоғам, Саясат, Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Білім саласында үнемделген қаржы көбіне білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базаны жаңарту, интернетпен қамтамасыз ету, робототехника, STEM-зертханалар ашу сияқты басым бағыттарға қайта бөлінеді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қоғам тарапынан «Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?» деген сұрақ жиі қойылады. Бұл – маңызды сауал. Себебі мемлекеттен бөлінетін қаржының ашықтығы мен әділ бөлінуі – қоғам сенімінің басты тірегі.

Біріншіден, білім саласындағы үнем — тек артық шығыннан бас тарту немесе жоспарлы оңтайландыру арқылы жүзеге асады және білім саласы бойынша бюджеттің әкімшісі ретінде басқарма қаржыны салаға қайта құюда.
Мысалы, оқу жылында нақты қажеттілікке сай келмеген жабдықтарға немесе қызметтерге бөлінген қаражат толық игерілмей, үнемделуі мүмкін. Мұндай қаржы ешқашан текке кетпейді немесе басқа салаға аударылмайды — ол қайтадан білім саласына жұмсалады.

Екіншіден, үнемделген қаржы көбіне білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базаны жаңарту, интернетпен қамтамасыз ету, робототехника, STEM-зертханалар ашу сияқты басым бағыттарға қайта бөлінеді. Бұл – оқушылар мен мұғалімдердің сапалы білім алуы мен еңбек етуіне жағдай жасаудың тікелей жолы.

Үшіншіден, үнемделген қаржы педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ыстық тамақтың ұйымдастырылуы сияқты маңызды мәселелерге бағытталып келеді. Бұл – білім беру процесінің үздіксіз және қауіпсіз жүруі үшін қажет.

Мәселен, 2022 жылға дейін міндетті оқу қорынан бөлінген қаржы есебінен ыстық тамақпен жекелеген санаттағы отбасынан шыққан оқушылар ғана қамтылса, 2023 жылдан бастап әлеуметтік осал топқа жататын балалар мен бастауыш сыныптардағы оқушылар 100 пайыз тегін тамақпен қамтылады. Яғни, 2022 жылы бұл мақсатқа 1.9 млрд. теңге қаралса, 2023 жылы ыстық тамақты ұйымдастыруға 8,9 млрд. теңге, 2024 жылы 9 млрд. теңге, 2025 жылы 88 168 балаға 9,3 млрд. теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, соңғы үш жылда 7,8 млрд. теңгеге 24 мектеп күрделі жөндеуден, 2,3 млрд. теңгеге 79 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.
Соңғы үш жылда 22,9 млрд. теңгеге 6 білім беру мекемесіне қосымша ғимарат, 12 жаңа ғимарат салынды.
3,5 млрд теңгеге білім беру мекемелері пәндік кабинет, интерактивті панель, ЛЭД экран және робот құрылғылармен қамтылды.
2,1 млрд. теңгеге білім беру мекемелернің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни бейнебақылау жүйелері, турникет, дабыл нүктелері орнатылды.
861,6 млн. теңгеге жылу маусымын үздіксіз ұйымдастыру бағытында білім беру мекемелерінің жылу жүйелері жаңартылды.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 2023 жылы 1,7 млрд. теңге, 2024 жылы 1,8 млрд. теңге, 2025 жылы
1,9 млрд теңге қаржы бөлінді.

«Бұл білім басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қаралған қаржының бір бөлігі ғана. Сондықтан үнемделген қаржының «қайда кетіп жатқаны» туралы сұраққа жауап – ол сол қаржының білім сапасын арттыруға қайта инвестиция ретінде қайтып келуі (ешқандайда асфальт салуға, басқа құрылыс нысандарын салуға емес).
Қаржылық ашықтық – сенімділіктің негізі.
Әр теңге өз мақсатына сай жұмсалуы – білім басқармасының басты ұстанымы. Біз қоғаммен кері байланысты күшейтіп, барлық қаржылық шешімдердің негіздемесін жария түрде ұсынуға әркез дайынбыз» делінген Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарламасында.

Tags: білімҚызылорда
Алдыңғы пост

Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?
  • Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді
  • Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  • Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
  • Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Қызылордаға Жамбыл облысының ресми делегациясы іссапармен келді

Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі