«Аягөз аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы 2-бөлігінің 2, 8-тармақтары (Адамды саудаға салу, азғырып көндіру, тасымалдау және беру, бірнеше рет, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы) бойынша айыпталған Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. (…) Сот үкімімен Е. кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді», – делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Сот анықтағандай, 2024–2025 жылдары Аягөз қаласының тұрғыны әлеуметтік осал, мас күйдегі адамдарды жүйелі түрде іздеп тауып, олардың сеніміне кіріп,…
[13:30, 03.04.2026] SSS: Жалған еңбек келісімдері арқылы ақша тапқан бухгалтер сотталды
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің (АФМ) баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтауда жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырумен байланысты алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды. Тергеуді Маңғыстау облысы бойынша АФМ департаменті жүргізді. (…) Сот үкімімен оған бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Пәтері мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді», – делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
Тергеу деректеріне сәйкес, бухгалтер өзінің кәсіби дағдыларын пайдалана отырып, жүкті әйелдерге арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын жасаған.
«Қатысушыларды тарту мақсатында ол Instagram әлеуметтік желісін пайдаланып, өзін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша маман ретінде таныстырған және жәрдемақыны көбейтіп беруге уәде еткен. Схеманы жүзеге асыру үшін туыстары мен таныстарының атына іс жүзінде қызмет жүргізбеген бірнеше жеке кәсіпкерлік (ЖК) тіркелген. Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдалана отырып, бухгалтер жұмысқа қабылдау туралы жалған бұйрықтар, есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және басқа да бухгалтерлік құжаттар жасап, заңды еңбек қатынастары мен табыс бар деген жасанды көрініс қалыптастырған», – деп толықтырды АФМ.
Агенттік мәліметінше, жалған деректер негізінде мемлекеттік органдарда төлемдер негізсіз жоғары мөлшерде рәсімделген. Төлемдер алынғаннан кейін кейбір кәсіпкерлер бұрын аударылған зейнетақы және әлеуметтік жарналарды кері қайтарып отырған. Нәтижесінде мемлекетке 146 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.
«Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол үш бөлмелі пәтер сатып алған, тергеу барысында оған тыйым салынды», – деп хабарлады АФМ.

