Саясат — KazToday

Мемлекет берген пәтер заң талабына сай болмай шықты
Төрт баласын жалғыз тәрбиелеп отырған әйел 2024 жылы жетім балалар санаты бойынша мемлекеттен пәтер алған. Алайда көп ұзамай берілген баспананың бес адамнан тұратын отбасы үшін заңда белгіленген тұрғын үй нормасына сәйкес келмейтіні анықталған.

Ана мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысып, пәтерді талапқа сай тұрғын үйге ауыстыруды сұрап уәкілетті органға жүгінген. Бірақ оның өтініші қанағаттандырылмаған.

Әділдік іздеген әйел сотқа шағым түсірді. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тұрғын үйдің отбасы құрамына сәйкес келмейтінін анықтап, мемлекеттік органдардың шешімдерін заңсыз деп таныды.

Сот шешімімен көпбалалы ананың бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, оны 2011 жылдан бастап «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар тізіміне қайта енгізу міндеттелді.

«Қарғысты қайтарамыз» дегенге сенген зейнеткер 15 млн теңгеден айырылды
Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Қарағанды қаласында тіркелген.

78 жастағы зейнеткерге көшеде белгісіз екі әйел жол сұраған болып жақындасып, сөзге тартқан. Кейін олар әйелге өзіне «қарғыс» жасалғанын айтып, егер оны тез арада қайтармаса, жақындарының біріне қауіп төнетінін жеткізген.

Күдіктілер түрлі «жоралғылар» жасап, қарғыстан арылудың жолы ретінде барлық алтын бұйымдары мен қолындағы ақшаны газетке орап беруді талап еткен. Сеніп қалған зейнеткер олардың айтқанын орындап, нәтижесінде шамамен 15 миллион теңге көлеміндегі қаражаты мен бағалы заттарынан айырылған.

Полиция мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің Павлодар, Алматы қалалары және Жетісу облысының тұрғындары екені анықталған. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де алаяқтық деректеріне қатысы болуы мүмкін екені тексерілуде. Күдіктілер Теміртау қаласында қолға түскен.

Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қызылорда облысында мас күйінде көлік басқару деректері бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері барлығы 7 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Қабылданып жатқан кешенді шараларға қарамастан, облыс аумағында жыл басынан бері мас күйінде көлік басқарудың 490 дерегі тіркелді.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес 341 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Заң талаптарына сәйкес оларға 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

Сонымен қатар, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеген 20 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.

Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйінде көлік басқармауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Қазақстанға шетелден әкелінген өнімдерден қауіпті зиянкес табылды
Алматы әуежайындағы фитосанитариялық бақылау кезінде Нидерланд пен Армениядан жеткізілген өнімдерден қауіпті карантиндік зиянкес анықталды. Инспекторлар залалданған тауарлардың Қазақстан аумағына әкелінуіне жол бермеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, импорттық өнімдерден батыс гүл трипсі анықталған. Бұл зиянкес өсімдіктерге зақым келтіретін қауіпті карантиндік организмдердің қатарына жатады.

Залалдану Нидерланд Корольдігінен жеткізілген салат көгінің партиясынан, сондай-ақ Армения Республикасынан әкелінген 600 дана кесілген гүлден анықталған.

Өнімдер Алматы әуежайындағы фитосанитариялық бақылау бекетінде тексерілген. Нәтижесінде залалданған партияларды ел аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Ведомство мәліметінше, өнім иелеріне қатысты Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Тоқаев Ресей–Украина қақтығысын тоқтатып, келіссөздерді қайта бастауды ұсынды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді «Стамбұл формуласы 2.0» негізінде қайта жандандыруды ұсынды. Бұл туралы ол Омбы қаласында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты Еуропа мен АҚШ тарапынан түрлі пікірлер мен ұсыныстар түсіп жатыр.

«Бұл қақтығысқа байланысты Еуропа мен АҚШ-тан көптеген сигналдар келіп жатыр. Оның табиғаты көпшілікке, соның ішінде бізге де толық түсінікті емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қақтығыстың салдарынан екі елдің де жас азаматтары қаза тауып жатқанын өкінішпен атап өтті.

«Өкінішке қарай, жас адамдар көз жұмып жатыр. Олар – Ресей мен Украина халықтарының болашағы, генетикалық қоры. Сондықтан бұл жағдайды тоқтату қажет. Менің берік сенімімше, қазіргі оқиғалар Ресейге де, Украинаға да қарсы күштердің мүддесіне қызмет етіп отыр», – деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстанның Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде делдал болуды жоспарламайтынын айтты. Дегенмен, еліміз қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қолдайтынын жеткізді

Халық денсаулығы – басты назарда
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жанерке Жақсылықтың айтуынша, өңірде медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Бүгінде Қызылорда облысында 975 медициналық ұйым мен 536 фармацевтикалық нысан халыққа қызмет көрсетуде. Жылдың алғашқы алты айында 4 290 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, салаға қатысты 340 арыз-шағым қаралған. Заң бұзушылықтар анықталған ұйымдарға тиісті әкімшілік шаралар қабылданған.

Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру мақсатында 81 субъектіге профилактикалық бақылау жүргізіліп, 79 ұсыным берілді. Алайда олардың 43-і талаптарды толық орындамағандықтан, келесі бақылау кезеңінің тізіміне енгізілген.

«Халықтың сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмекке қол жеткізуі – біздің басты міндетіміз. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары тұрғындардың құқықтарын қорғауға және медициналық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған», – деді Жанерке Жақсылық.

Сапалы медицина – халық денсаулығының ғана емес, қоғам сенімінің де кепілі. Сондықтан саладағы талап пен бақылаудың күшеюі – әрбір тұрғынның қауіпсіздігі мен құқығын қорғаудың маңызды тетігі болып қала бермек.

Адвокат жалдамаған: ChatGPT әуе компаниясынан қомақты өтемақы алуға көмектесті
Жасанды интеллект енді тек мәтін жазып беретін құрал емес. АҚШ-тағы IT маманы Панос Иперойтис ChatGPT Pro-дың көмегімен әуе компаниясын сотқа беріп, 2,23 млн теңге көлемінде өтемақы алып шықты. Ең қызығы – ол бірде-бір адвокат жалдамаған.

Барлығы қарапайым рейстің кешігуінен басталған. Паностың отбасы Ослодан Нью-Йоркке ұшуы керек болған. Алайда техникалық ақауға байланысты рейс келесі күнге шегерілген. Әуе компаниясы өтемақы ретінде жолаушыларға небәрі 25 долларлық тамақ ваучерін ұсынған.

Алайда жолаушы бұған келіспей, жағдайды ChatGPT-ке түсіндірген. Жасанды интеллект оның рейсі Еуропаның EU261 регламентіне сәйкес келетінін анықтап, отбасының әлдеқайда қомақты өтемақы алуға құқығы бар екенін көрсеткен.

ChatGPT оған:

қандай өтемақы талап етуге болатынын;

заң бойынша қандай құқықтары бар екенін;

әуе компаниясына қандай хат жолдау керектігін;

қай мемлекеттік органға шағым түсіру қажеттігін;

сотқа қандай құжаттарды дайындау керектігін түсіндіріп берген.

Алғашында әуе компаниясы шағымдарға жауап бермеген. Кейін Норвегияның жолаушылар құқығын қорғайтын органы жолаушының талабын орынды деп танығанымен, компания тағы да төлем жасаудан бас тартқан.

Соңында ChatGPT-тің кеңесімен жолаушы сотқа жүгініп, 11 айға созылған даудан кейін әуе компаниясы бітімгершілік келісімге келуге мәжбүр болған.

Нәтижесінде оған:

негізгі өтемақы;

сот шығындары;

кешіктірілген төлем үшін өсімпұл;

рейстің кешігуінен туындаған барлық қосымша шығындар өтелген.

Жалпы төленген сома – 4760,36 АҚШ доллары немесе шамамен 2,23 млн теңге.

Бұл оқиға ChatGPT-тің адвокаттың орнын толық баспағанын көрсетеді. Алайда жасанды интеллект заңдарды түсінуге, құжаттарды дұрыс дайындауға және өз құқығыңызды қорғауға айтарлықтай көмектесе алатынын дәлелдеді.

Бір ауыз сөзбен айтқанда, ChatGPT сотта жеңіске жеткен жоқ, бірақ қымбат заңгердің жұмысын едәуір жеңілдетіп, қарапайым азаматқа өз құқығы үшін күресуге мүмкіндік берді.

Көліктен түссеңіз де, жүргізуші куәлігіңізден айырылуыңыз мүмкін
Ресейдің Жоғарғы соты жүргізушілерге қатысты маңызды құқықтық түсініктеме берді. Енді жүргізуші көлікті тоқтатып, одан шығып кеткен болса да, полицияның медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабынан бас тартса, жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Мұндай шешім Краснояр өлкесіндегі оқиғаға байланысты қабылданды. Жүргізуші жұмыс орнына өз көлігімен келіп, автокөлігін тұраққа қойғаннан кейін ғимаратқа кірген. Басшылық оның алкоголь иісін сезіп, полиция қызметкерлерін шақырған. Полицейлер медициналық куәландырудан өтуді талап еткенімен, жүргізуші одан үзілді-кесілді бас тартқан.

Сот оның көлікті тастап кеткенін және сол сәтте жүргізуші болып саналмайтынын алға тартқан уәждерін қабылдамады. Нәтижесінде оған айыппұл салынып, жүргізуші куәлігінен айыру туралы шешім күшінде қалдырылды.

Жоғарғы соттың түсіндіруінше, егер адамның көлікті басқарған кезде мас күйінде болғанына немесе масаңдық белгілері сол уақытта байқалғанына негіз болса, полиция қызметкерлері оны медициналық тексеруден өткізуді талап ете алады. Ал бұл талаптан бас тартудың өзі әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.

Осылайша, көлікті жүргізіп келген адам автокөліктен шығып кеткеннен кейін де медициналық куәландырудан бас тартса, жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі сақталады.

Үш әйелімді асырай алмай жүрмін
Көп әйел алғанын айтып, отбасын асырауға қаржысы жетпейтінін мәлімдеген блогер құқық қорғау органдарының назарына ілікті.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында көп әйел алуды насихаттайтын бейнематериалдар жариялаған. Видеоларда ер адам мұндай өмір салтын қалыпты жағдай ретінде сипаттап, оның артықшылықтары туралы пікір білдірген.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, мұндай мазмұндағы жарияланымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейді әрі отбасы құндылықтары мен отбасы институтына деген қоғамдық құрметке кері әсер етуі мүмкін.

Аталған факті бойынша блогерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынуы ықтимал.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін ер адам әлеуметтік желідегі көп әйел алуға қатысты жариялаған жазбаларын өз еркімен өшірген.

Өз баласына алимент төлемеген азаматқа сот үкімі шықты
Атырау қаласында өз баласына ұзақ уақыт бойы алимент төлеу міндетін орындамаған азаматқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Сот шешімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, 7 миллион теңгеден астам алимент берешегін өтеуге міндеттелді.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қазіргі уақытта сотталған азамат Атырау қалалық пробация қызметінің есебіне алынды. Оның сот жүктеген міндеттерді толық әрі уақытылы орындауы бақылауға алынған.

Пробация қызметінің мамандары азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң талаптарын сақтау, алимент бойынша қарызды өтеу және алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізуде.

Мамандар алимент төлеу тек қаржылық міндет қана емес, ата-ананың өз баласы алдындағы заңмен бекітілген жауапкершілігі екенін атап өтті. Алименттен жалтару әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғып қана қоймай, ең алдымен баланың заңды құқықтары мен әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізеді.

Пробация қызметі сотталған азаматтардың қоғамнан оқшауланбай түзелуіне жағдай жасап, олардың заң талаптарын сақтауына және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Бұл жағдай ата-аналық міндетті орындаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындап, алимент төлеуден жалтарудың заң алдында жауапкершілікке әкелетінін көрсетеді.