Қоғам — KazToday

Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 9 әскери қызметші қаза тапқан.

24 қыркүйек күні Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілерді теңіз суы алып кеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, 19 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың 9-ы қаза тапқан. Үш әскери қызметші құтқарылып, олардың біреуі медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта қалған әскери қызметшілерді іздестіру және құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің комиссиясы оқиға орнына жіберілген.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты қосымша ақпараттың ресми түрде берілетінін хабарлады.

«Шалқия» кен орны: ірі инвестормен келіссөз жүріп жатыр
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Zijin Mining Group халықаралық тау-кен өндіруші компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесуде тау-кен металлургиясы саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, қатты пайдалы қазбаларды игеру және өндірісті терең өңдеу бағыттары талқыланды.

Негізгі мәселелердің бірі – Қызылорда облысындағы «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнын игеру жобасы. Тараптар жобаны іске асыру перспективаларын, инвестициялық жоспарларды және алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын қарастырды.

Zijin Mining Group қазіргі уақытта Ақмола облысындағы «Райгородок» кен орнында жұмыс істейді. Компания өкілдері «Шалқия» жобасын дамыту барысында тау-кен өндірісіндегі тәжірибесі мен технологиялық шешімдерін қолдануға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде минералдық шикізатты қайта өңдеу және терең өңдеу, өндірістік процестерді автоматтандыру, заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылды.

Нұрлыбек Нәлібаев тау-кен металлургиясы кешенін дамыту елдің индустриялық әлеуетін арттырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Шалқия» жобасы және инвестициялық ынтымақтастықтың өзге де бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Нұрлыбек Нәлібаев Roca Group өкілдерімен Қызылордадағы зауыт жобасын талқылады
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіретін жоғары технологиялық зауыттың құрылысы қазан айында басталмақ. Жобаны халықаралық «Roca Group» компаниясы жүзеге асырады.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың компания өкілдерімен кездесуінде белгілі болды.

Инвестициялық жобаның құны бастапқы 70 млн еуродан 83 млн еуроға дейін ұлғайған. Қазақстан Үкіметі, Қызылорда облысының әкімдігі және инвестор арасында жобаны жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін Инвестициялар туралы келісімге қол қойылған.

Болашақ кәсіпорында инсталляциялық жүйелер мен араластырғыштар құрастырылады. Зауыттың бастапқы өндірістік қуаты жылына 500 мың дана өнімді құрайды. Кейін өндіріс көлемін 1 млн данаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жоба толық қуатына шыққанда шамамен 300 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарыққа жеткізіліп, көршілес мемлекеттерге экспортталмақ.

Қазіргі таңда зауыттың дизайны мен эскиздік жобасы әзірленген. Жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу және өндірісті іске қосуға қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жобаның жүзеге асуы өңірдегі жаңа өндірістердің дамуына серпін беріп, импортты алмастыруға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек»: Қарағандылық мұғалімнің жазбасы дауға қалды
Қарағандыда информатика пәнінің мұғалімі әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін қызметінен кетті. Бұл туралы Қарағанды облысының білім басқармасы хабарлады.

Жарқын Әбдікәрім жекеменшік мектептерде діни киім киюге рұқсат беру мәселесіне қатысты жаңалыққа пікір білдірген. Мұғалімнің әлеуметтік желідегі жазбасында Қазақстанға экономикалық зардап келуін тілеген мазмұндағы сөздер жазылған.

Жазба көп ұзамай әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Қолданушылар мұғалімнің айтқанына қатысты әртүрлі пікір білдірді.

Кейін Жарқын Әбдікәрім жазбасын өшіріп, оны ашумен жазғанын айтты. Сондай-ақ жариялаған сөзі үшін кешірім сұрады.

Қарағанды облысының білім басқармасының мәліметінше, Жарқын Әбдікәрім Қарағанды қаласындағы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында информатика пәнінен сабақ берген.

Басқарма өкілдері мұғалімнің әлеуметтік желідегі даулы жазбасынан кейін өз еркімен жұмыстан кеткенін растады.

ҚМДБ Білім министрлігінің орамал саясатына қарсы шықты: «Діни үкім өзгермейді»
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мектеп оқушыларының орамал тағуына қатысты өз пікірін жариялады. Діни басқарма бұл мәселені қатаң шаралармен емес, қолданыстағы заңнама аясында және өзара түсіністік арқылы шешуге шақырды.

ҚМДБ мәлімдеуінше, шариғат талаптары бойынша балиғат жасына жеткен мұсылман қыздың орамал тағуы діни міндет саналады. Басқарма бұл діни ұстанымның өзгермейтінін атап өтті.

Сонымен қатар ҚМДБ оқушылардың білім алу құқығына басымдық берілуі қажет деп санайды. Осыған байланысты мектеп формасына қойылатын талаптарды ескере отырып, орамал мәселесін құқықтық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік болуы керек деген ұстаным білдірілді.

Діни басқарма мектептерде орамал таққан оқушыларға байланысты қатаң шаралар қолдану мәселені шешудің тиімді жолы емес екенін алға тартты. Оның орнына ата-ана, мектеп әкімшілігі және тиісті мемлекеттік органдар арасында диалог орнатып, ортақ шешімге келу қажеттігі айтылды.

ҚМДБ-ның ұстанымы-діни сенім мен білім алу құқығы бір-біріне қайшы келмеуі тиіс. Сондықтан орамал мәселесін қоғамдағы пікірталасты ушықтырмай, заң талаптары мен оқушының құқықтарын ескере отырып шешу ұсынылып отыр.

«Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан
Кәмелетке толмаған, мүгедектігі бар баласын жалғыз тәрбиелеп отырған әйел қоғамнан көмек пен әділдік сұрады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі діни ұстанымын алға тартып, сот шешімімен белгіленген алиментті төлеуден бас тартып келеді.

Әйелдің сөзінше, олар АХАЖ арқылы некелерін заңды түрде тіркемеген, тек діни неке қиған. Осы қарым-қатынастан ұл дүниеге келген.

Баласы бір жасқа толған кезде бұрынғы күйеуі оны діни мәтіндерді жаттауға мәжбүрлеп, үйретпеді деген себеппен әйелді де, баланы да ұрып-соққанын айтады. Анасының айтуынша, осыдан кейін баланың сөйлеуі тоқтап, кейін оған аутизм диагнозы қойылған.

Зорлық-зомбылықтан кейін әйел баласымен бірге «Ана мен бала» дағдарыс орталығына жүгінген. Ол бұрынғы күйеуіне қатысты арыз жазғанымен, іс кейін тоқтатылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ әйел бұрынғы жұбайы істі «ақша беріп шешкенін» айтып мақтанғанын жеткізді.

Алайда әйелдің айтуынша, мәселе мұнымен аяқталмаған.

Ажырасқаннан кейін сот мүгедектігі бар баланы асырау үшін бұрынғы күйеуіне ай сайын 20 АЕК мөлшерінде алимент төлеу міндетін жүктеген. Бірақ анасының сөзінше, ер адам сот шешімін орындамай, «шариғатта алимент жоқ» деген уәжбен төлем жасаудан бас тартып отыр.

Бүгінде баланың еміне, оңалтуына және арнайы балабақшаға баруына тұрақты қаражат қажет. Анасы баласының қажеттіліктерін жалғыз өзі өтеу қиын екенін айтып, құзырлы органдардан көмек сұрап отыр.

«Мен қоғамнан әділдік пен көмек сұраймын. Менің де, кәмелетке толмаған баламның да құқығы қорғалса екен», – дейді ана.

Әйел заң өкілдерінен бұрынғы күйеуінің әрекеттеріне құқықтық баға беріп, сот шешімімен белгіленген алименттің өндіріліп, баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын талап етті.

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты
Қазақстанда орташа айлық жалақы 486 388 теңгеге жетті. Алайда нақты жалақы көрсеткіші төмендеген.

Медианалық жалақы 348 415 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі қызметкерлердің жартысы 348 415 теңгеден жоғары, ал қалған жартысы одан төмен жалақы алатынын білдіреді.

Орташа жалақының медианалық көрсеткіштен шамамен 138 мың теңгеге жоғары болуы жекелеген салалардағы жоғары табыстармен байланысты.

Ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 000 теңге болып белгіленді. Оны есептеу кезінде медианалық жалақы мен еңбек өнімділігі ескеріледі.

Отандық вагон жасау саласын дамыту мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен отандық вагон жасау саласының өзекті мәселелері талқыланған кеңес өтті.

Жиынға мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ Атырау вагон жасау зауыты, «ЗИКСТО» және «Семей машина жасау» АҚ басшылары қатысты.

Кеңесте кәсіпорындардың қазіргі өндірістік жағдайы, өндірістік қуаттардың жүктелуі және алдағы даму жоспарлары қаралды. Негізгі назар кәсіпорындарды тұрақты әрі ұзақмерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуге, өндірісті дамытуға және қазақстандық қамту үлесін арттыруға аударылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның транзиттік әлеуетін тиімді пайдаланып, елімізді Еуразияның көлік хабына айналдырудың маңызын атап өткен болатын. Осы бағытта заманауи, қауіпсіз әрі жолаушыларға қолайлы вагондар өндірісін дамыту маңызды.

Жиында отандық вагон жасау саласында өндірістік кооперацияны күшейту қажеттігі айтылды. Шикізат пен материал жеткізушілерден бастап, құрамдауыш өндірушілер мен сервистік компанияларға дейінгі тұрақты өндірістік тізбек қалыптастыру мәселесіне назар аударылды.

Сондай-ақ вагон жасау кәсіпорындарының айналасында өнеркәсіптік кластер қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл өндіріс көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдарға саланы одан әрі дамыту, отандық өнімге басымдық беру, қазақстандық қамту үлесін арттыру және өндірістік кооперацияны кеңейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ғасыр шпаргалкасы: 11 қаламға тұтас бір пәнді сыйғызған студент
Испаниядағы Малага университетінің студенті қылмыстық-процессуалдық құқық пәнінен емтихан тапсыру үшін ерекше шпаргалка дайындаған. Ол 11 BIC қаламының мөлдір пластик қабатына ине арқылы микроскопиялық қаріппен бүкіл оқу материалын ойып жазып, әр қаламды жеке тақырыпқа арнап бөлген.

Алайда мұқият дайындалған жоспар іске аспады. Емтихан кезінде оқытушы студенттің шпаргалкасын байқап, барлық қаламды тәркілеген. Соның салдарынан ол емтиханнан өте алмай қалған.

2022 жылы университет оқытушысы Йоланда де Лукки тәркіленген қаламдардың суретін әлеуметтік желіде жариялап, оларды «университет реликвиясы» деп атады. Көпшілік болса, мұндай еңбекті шпаргалкаға емес, сабақты оқуға жұмсағанда нәтижесі жақсырақ болар еді деген пікір білдірді.

«Қымбат смартфонға бола бір отбасының үш мүшесі қаза тапты».
Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, Кунал есімді жас жігіт шамамен үш сағат бойы жардың ең шетінде тұрған. Оны райынан қайтару үшін туыстары, ауыл тұрғындары, полиция және құтқарушылар үздіксіз келіссөз жүргізген.

Times of India басылымының хабарлауынша, жігіт ата-анасының өзіне қымбат смартфон алып беруден бас тартуына байланысты қатты күйзеліске түскен. Тіпті ауыл басшысы оны аман алып қалу мақсатында өз есебінен iPhone сыйлап беруге уәде еткен.

Алайда шешуші сәтте ұлын құтқаруға ұмтылған әкесі оған жақындаған кезде Кунал аяғын тайдырып, жардан құлап кеткен. Әкесі де тепе-теңдігін жоғалтып, ұлымен бірге төменге құлаған. Осы сұмдықты өз көзімен көрген анасы да артынша жардан құлап кеткен.

Қазіргі таңда полиция қайғылы оқиғаның нақты себептері мен болған жағдайдың толық ретін анықтап жатыр.

Бұл оқиға эмоциялық күйзелістің салдары қаншалықты ауыр болуы мүмкін екенін және жастардың психологиялық саулығына дер кезінде қолдау көрсетудің маңызын еске салады.