Спорт — KazToday

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды
AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңыр қаласында таеквондодан республикалық турнир салтанатты түрде бастау алды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың басын қосқан ауқымды жарыс өңірдегі спорт саласының дамуына серпін беретін маңызды оқиға ретінде бағалануда.

Дәстүрлі спорт мерекесіне айналған додаға 500-ге жуық спортшы қатысып отыр. Турнирге қатысушылар бірнеше жас және салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтайды. Бұл жарыс жас таеквондошыларға тәжірибе жинақтап қана қоймай, республикалық деңгейдегі бәсекеде өз мүмкіндіктерін сынауға жол ашады.

Ашылу салтанаты ерекше әсерге толы болды. Жарысқа қатысушы командалар сап түзеп, көрермендерге әсерлі көрсетілімдік бағдарламаларын ұсынды. Әсіресе таеквондошылардың шеберлікке толы спаррингтері мен техникалық әдіс-тәсілдері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Спортшылардың дайындығы мен жоғары деңгейдегі шеберлігі турнирдің тартысты өтетінін аңғартты.

Іс-шара барысында үздік өнер көрсеткен спортшылар арнайы медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына және оның табысты өтуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға AMANAT партиясы атынан Алғыс хаттар табысталып, естелік медальдар берілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай турнирлердің жасөспірімдер үшін маңызы зор. Себебі таеквондо спорты тек күш пен ептілікті ғана емес, тәртіптілік, сабырлылық, төзімділік пен жауапкершілікті де талап етеді. Сондықтан мұндай жарыстар жастардың жан-жақты қалыптасуына, салауатты өмір салтын ұстануына және бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.

Соңғы жылдары елімізде бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты шұғылдануына ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағытта AMANAT партиясы тарапынан да жүйелі бастамалар жүзеге асырылып, түрлі спорттық жобалар мен бұқаралық шаралар ұйымдастырылуда. Байқоңырдағы республикалық турнир – сол жұмыстардың нақты көрінісі.

Байқоңыр қаласында өтіп жатқан бұл жарыс – тек жеңіс жолындағы бәсеке ғана емес, жас спортшылар үшін үлкен мектеп. Мұнда олар тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдап, болашақтағы ірі жарыстарға дайындық жүргізеді. Осындай дода барысында жаңа таланттар танылып, ертеңгі чемпиондардың есімі айқындалуы әбден мүмкін.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да жастардың әлеуетін арттыруға, спорт инфрақұрылымын дамытуға және қоғамда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Байқоңыр төріндегі бұл турнир соның жарқын дәлелі болып отыр.

Қазақстан командалары UAE SWAT Challenge турнирінде көш бастады
Қазақстандық арнайы мақсаттағы бөлімшелер UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінің алғашқы күнін жоғары нәтижемен аяқтады. Дубайда өтіп жатқан додада 48 елден келген 109 команда бақ сынауда. Dubai қаласындағы жарыстың бірінші күн қорытындысы бойынша Қазақстанның төрт командасы да үздік ондыққа енді.

Турнир кестесінде Kazakhstan C бірінші орында тұрса, Kazakhstan D екінші сатыға жайғасты. Kazakhstan B төртінші орынды иеленсе, Kazakhstan A әзірге оныншы орында келеді.

Қазақстан атынан қатысып жатқан қыздардан құралған Tomiris командасы жалпы есепте 20-орында тұр. Бұл — әйелдер командалары арасындағы ең үздік нәтиже.

Ұлттық құрама сапында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері біріккен.

Бес күнге созылатын халықаралық турнир 11 ақпанда аяқталады. Қазақстандық командалар алдағы кезеңдерде де жоғары нәтиже көрсетеді деп күтілуде.