Әлем — KazToday

Эпидемия күшейді: әр екі науқастың бірі қайтыс болып жатыр
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусының таралуы әлі де алаңдатарлық деңгейде. Соңғы тәулікте 101 адамнан індет анықталып, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 4945-ке жетті.

Ресми дерекке сәйкес, эпидемия басталғалы бері 2325 адам қайтыс болған. Бұл көрсеткіш 2018–2020 жылдардағы Эбола індетінен көз жұмғандар санынан (2299 адам) асып түсті.

Билік мәліметінше, маусым айының басында расталған науқастар арасындағы өлім деңгейі шамамен 20 пайыз болса, қазіргі таңда ол 46 пайызға дейін көтерілген. Демек, вирус жұқтырғандардың тең жартысына жуығы өмірден озып жатыр.

Мамандардың айтуынша, өлім-жітімнің артуы вирустың күшейгенін білдірмейді. Негізгі себеп — науқастарды кеш анықтау, эпидемиологиялық бақылаудың әлсіздігі және медициналық көмекке уақытылы қол жеткізудің қиындығы.

«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының Конгодағы қоғамдық денсаулық сақтау маманы көптеген жағдайларда Эбола дерті науқас ауыр халге түскен кезде немесе тіпті қайтыс болғаннан кейін ғана расталатынын атап өтті.

“Павлодар біздікі” деген ресейлік стример Қазақстаннан депортацияланды
Қазақстанда қоғамның наразылығын тудырған ресейлік стример Ксения Гузаева сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті ресми хабарлады.

Полицияның мәліметінше, шетел азаматшасы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды. Одан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес депортациялау рәсімі жүзеге асырылды.

Сондай-ақ Ксения Гузаеваға бес жыл бойы Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.

«Тақырбастар – ең мықтылар»
Әзірбайжандық блогер Эмин Бабаев әлеуметтік желіде ерекше әзіл видеосын жариялап, көпшіліктің назарын аударды.

Кадрда бастары тақыр бірнеше ер адам бас қосып, «Тақырбастар – ең мықтылар» деген ұран айтады. Қысқа ролик желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі әзіл-қалжың мен пікірлерге арқау болды.

Көпшілік видеоны көңілді қабылдап, ерекше басқосуға қатысты әсерлерін жарыса жазуда.

«Ғалымдар дабыл қақты: Арал теңізі әлемдік климатқа қауіп төндіріп отыр»
Ғалымдардың жаңа зерттеуі Арал теңізінің құрғаған табанын қайтадан сумен толтыру атмосфераға шамамен 605 миллион тонна көмірқышқыл газының (CO₂) бөлінуінің алдын алуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Бұл – климаттың өзгеруімен күрестегі маңызды қадамдардың бірі.

Зерттеуді Испаниядағы Бланес озық зерттеулер орталығы (CEAB-CSIC) мен Германиядағы Тұщы су экологиясы және ішкі балық шаруашылығы жөніндегі Лейбниц институтының (IGB) мамандары жүргізген. Ғылыми жұмыстың нәтижелері беделді Science журналында жарияланған.

Құрғаған көл табаны көміртек көзіне айналады

Зерттеушілердің айтуынша, көлдер мен теңіздердің құрғаған табаны бұрын көміртекті жинақтап келген табиғи қоймалар болған. Алайда су тартылғаннан кейін ондағы органикалық заттар ыдырап, атмосфераға көп мөлшерде көмірқышқыл газын бөле бастайды.

1960 жылдардан бері Арал теңізінің құрғаған шөгінділері шамамен 748 мегатонна көмірқышқыл газын атмосфераға шығарған. Бұл көрсеткіш өңірдегі экологиялық апаттың ауқымын айқын көрсетеді.

Аралды қалпына келтірудің климаттық пайдасы

Ғалымдардың есептеуінше, Арал теңізінің құрғаған бөліктерін қайта сумен қамтамасыз ету арқылы алдағы уақытта 605 миллион тоннаға жуық CO₂ шығарындыларының алдын алуға болады. Бұл көлем Испанияның үш жылдық көмірқышқыл газы шығарындыларына тең.

Сарапшылардың бағалауынша, көміртек нарығындағы мұндай көлемдегі шығарындыларды болдырмаудың экономикалық құны 3,6 миллиардтан 18 миллиард АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.

Қалпына келтіру жобасының құны

Мамандардың пікірінше, Арал теңізі бассейніндегі суару жүйелерін жаңғырту мен су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған шамамен 9,7 миллиард АҚШ долларын құрайтын ауқымды жоба жүзеге асырылса, 1960 жылғы су айдынының жартысына дейін қалпына келтіруге мүмкіндік бар.

Бұл жоба:

атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін айтарлықтай азайтады;

табиғи жолмен жиналған көміртекті сақтап қалуға көмектеседі;

өңірдің экологиялық жағдайын жақсартады;

су экожүйелері мен биоалуантүрлілікті қалпына келтіруге ықпал етеді.

Басқа су айдындары үшін де өзекті мәселе

Ғалымдар мұндай қауіп тек Арал теңізімен шектелмейтінін атап өтті. Көмірқышқыл газының қарқынды бөлінуі әлемдегі басқа да тартылып бара жатқан су айдындарында байқалуы мүмкін. Олардың қатарында Каспий теңізі, Урмия көлі, Чад көлі және АҚШ-тағы Үлкен Тұзды көл бар.

Қорытынды

Арал теңізін қалпына келтіру – тек экологиялық мәселені шешу ғана емес, сонымен қатар жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі тиімді шаралардың бірі. Зерттеу нәтижелері құрғаған су айдындарын қалпына келтіру арқылы атмосфераға тарайтын парниктік газдар көлемін едәуір азайтуға болатынын көрсетіп отыр. Бұл бастама Орталық Азияның экологиялық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, бүкіл әлем үшін маңызды климаттық пайда әкелуі мүмкін.

Қазақстан ұшақтарына 6 елдің әуе кеңістігі жабылды
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Таяу Шығыстағы күрделі геосаяси жағдайға байланысты отандық әуе компанияларға бірқатар елдің әуе кеңістігін пайдалануға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан елдерінің үстінен ұшуға шектеу қойылды. Бұл шешім азаматтық авиацияға төнген қауіптің жоғары деңгейіне байланысты қабылданған.

«Қалыптасқан жағдайға байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады», – делінген Авиациялық әкімшілік таратқан хабарламада.

Тыйым отандық әуе тасымалдаушылардың жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Бұл шара халықаралық авиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қабылданып отыр.

Иран мен Израильде қалған қазақстандықтардың нақты саны белгілі болды
Иран мен Израильде қалған қазақстандықтардың нақты саны белгілі болды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Иран мен Израильде жүрген қазақстандықтардың саны туралы толық мәлімет берілді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі таңда Ираннан 230, ал Израильден 66 қазақстандық эвакуацияланған.

Сондай-ақ, Иранда Қазақстан азаматтығын иеленген шамамен 50 адам қалғаны хабарланды. Айбек Смадияров олардың басым бөлігі сол елде жұмыс істейтін қызметкерлер екенін атап өтті. Сонымен бірге, бұл тізімге Иранда тұратын этникалық қазақтар кірмейді, тек Қазақстан азаматтары есепке алынған.

Израильде қазір шамамен 170 қазақстандық бар. Олардың көпшілігі елден әуежайлар арқылы шығып кету мүмкіндігіне ие екенін, алайда елшіліктің қолдау көрсетуге әзір екенін министрлік растады.

«Қазақстандықтарды эвакуациялау оңай процесс емес. Мысалы, Израильден оларды автобуспен Мысырға жеткізіп, одан әрі ұшақпен алып шықтық. Ал Ираннан бірнеше бағыт арқылы – Әзірбайжан, Түрікменстан және Армения арқылы эвакуация жүргізілді», — деді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Министрлік Иран мен Израильде жүрген барлық қазақстандықтарға, әсіресе әлі елшіліктермен хабарласпағандарға өз жағдайларын айтып, қажетті көмек алу үшін байланысқа шығуға шақырды.

Елімізге Украинадан балалар келді
Елімізге Украинадан балалар келді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бұл жөнінде «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мәлімдеген.

«3 маусымда Қазақстанға Украинадан балалар тобы демалу және оңалту үшін келді. Кішкене қонақтарымыздың Қазақстан туралы танымын кеңейту мақсатында оларға «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Астанаға көрікті жерлерді аралау бойынша экскурсиялық сапар жоспарланған», – делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.

Орталықтың баспасөз қызметінің ақпаратынша, соңғы үш жылда орталықта ТМД елдерінен, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден 700-ден астам бала демалған.

18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен
18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Қырғызстанда адам сенгісіз жағдай орын алды: 18 жастағы бойжеткен жаңа туған нәрестесін үйіндегі дала дәретханасының шұңқырына тастаған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, бойжеткен сәбиін үй жағдайында, дәлірек айтқанда, дәретханада босанған. Кейін нәрестені шұңқырға лақтырып жіберген.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сәбидің денесін шұңқырдан алып шыққан. Мамандар оның мойнынан кесілген жарақатты анықтаған. Сол маңнан шыны сынығы табылып отыр. Тергеу мәліметіне қарағанда, сәби дәл осы жарақаттың салдарынан көз жұмған.

Қазіргі уақытта күдікті жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Джеки Чан каратэден қара белбеу иегері атанды
Танымал актер Джеки Чан каратэден ресми түрде қара белбеу иегері атанды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Марапатты табыс ету рәсімі Нью-Йоркте «Karate Kid: Legends» жаңа фильмінің премьерасында өтті.

Сондай-ақ Чанмен бірге сол фильмде өнер көрсеткен актер Ральф Маччио да осы марапатқа ие болды. Қара белбеулерді Дүниежүзілік каратэ федерациясының (WKF) бас хатшысы Тошихиса Нагура салтанатты түрде табыстады.

«Каратэ – жаһандық танымал бренд. Ол бүкіл әлемдегі қауымдастықтар мен поп-мәдениетте ерекше орын алады. Оның негізгі құндылықтарын «Каратэ-пацан» фильмі секілді аз ғана туынды дәл жеткізе алды», — деді WKF президенті Антонио Эспинос.

Демалыс күндері Тәжікстанда төрт жер сілкінісі болды
Өткен демалыс күндері Тәжікстанда төрт жер сілкінісі болды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Соңғы жер сілкінісінің эпицентрі, магнитудасы 5 балл, Рашт аудан орталығынан 24 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елдің екі ауданында 94 тұрғын үй толықтай қираған, 50 үй ішінара бүлінген, 80-нен астам үй жеңіл зақым алған. Сонымен қатар мектептер, шайханалар мен медицина мекемелері де зардап шеккен.

Рашт ауданының Уштурпаст ауылында үйдің қабырғасы құлап, үш жасар бала қайтыс болды.

Рашт пен Тәжікобод тұрғындары әлеуметтік желілерде қираған нысандардың фото-видеоларын бөлісіп жатыр.

Дереккөз: ztb_qaz