KazToday

Павлодарда екі өгей қызын зорлап, АИТВ жұқтырған ер адам өмір бойына сотталды
Павлодар облысында кәмелетке толмаған екі өгей қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сот мәліметінше, ер адам 10 және 11 жастағы өгей қыздарына қатысты жыныстық сипаттағы ауыр қылмыстар жасаған. Соның салдарынан екі бала да адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған.

Сот қылмыстың ауырлығын ескеріп, айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар сотталған азаматқа кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді өмір бойы атқаруға тыйым салынды.

Үкімге сәйкес, ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Ақтауда ойын алаңындағы ақаудың зардабын бала тартты: Жауапты кім?
Ақтауда балалар ойын алаңының қауіпсіздігіне қатысты тұрғындар дабыл қақты. 17-шағынаудандағы №51 үйдің ауласында орналасқан сырғанақта ойнаған бала саусағынан жарақат алған. Оқиға туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.

Тұрғындардың бірі ойын алаңындағы жабдықтардың әбден тозғанын айтып, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанына алаңдаушылық білдірген.

Оның сөзінше, сырғанақтың темір және ағаш бөліктері бір-бірінен ажырап, арасында саңылау пайда болған. Дәл осы ақаудың салдарынан баланың саусағы қысылып, кесілген.

«Кеше кешкісін осы жерде бір бала саусағын қысып, жарақаттап алды. Сырғанақтың мына тұсы ашылып кеткен. Әсіресе қараңғы уақытта оны байқау қиын. Тіпті жанында тұрған ересек адам да көрмеуі мүмкін.

Тұрғындар ойын алаңындағы мәселе тек сырғанақпен шектелмейтінін жеткізді. Олардың айтуынша, ауладағы әткеншектердің де бірқатары сынып, пайдалануға жарамсыз күйге түскен. Соған қарамастан балалар бұл жерде күнделікті ойнап жүр.

Аула тұрғындары бүлдіршіндердің қауіпсіздігіне жауапты мекемелердің назар аударуын талап етуде. Олар қауіпті ойын құрылғыларын шұғыл тексеріп, ақауларды жою қажет деп есептейді.

Тұрғындар Ақтау қаласының әкімдігі мен жауапты мердігер ұйымнан ойын алаңының жағдайына қатысты нақты шара қабылдап, түсініктеме беруді сұрайды.

Әзірге аталған жағдайға байланысты жауапты мекемелердің ресми ұстанымы туралы ақпарат жоқ.

Жамбылда 17 мың оқушы оқитын 80-ге жуық жекеменшік мектептің қаржыландыру мәселесі көтерілді
Жамбыл облысында жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі күн тәртібіне шықты. Мектеп өкілдерінің мәліметінше, өңірдегі 80-ге жуық білім беру ұйымында шамамен 17 мың оқушы білім алады. Алайда қаржының уақытылы бөлінбеуіне байланысты бірқатар мектепте мұғалімдердің жалақысын төлеу мәселесі туындаған.

Мектеп басшыларының айтуынша, қаржыландыруға қатысты мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мерзімі мен қаражаттың бөліну тәртібі білім беру ұйымдарының жұмысына тікелей әсер етіп отыр. Осыған байланысты олар мәселені жауапты органдармен талқылап, нақты шешім қабылдануына мүдделі.

17 мың оқушының білім алуы мен ұстаздардың еңбекақысы — мәселенің ең маңызды тұсы. Қаржыландырудың кешігуі ұзаққа созылса, мектептердің күнделікті жұмысына да салмақ түсуі мүмкін. Сондықтан қалыптасқан жағдайдың себептерін анықтап, қаржы бөлу тетіктерін нақтылау маңызды.

Осы ретте бірнеше сұрақ туындайды: мемлекеттік сатып алу рәсімдері қай кезеңде тұр? Қаржыландырудың кешеуілдеуіне қандай себептер әсер етті? Мектептерге қаражат қашан бөлінеді және мұғалімдердің жалақысы қай мерзімде төленеді?

Бұл сұрақтарға облыстық білім басқармасы мен тиісті мемлекеттік органдардың ресми жауабы қажет. Өйткені мәселе жекеменшік мектептердің ғана емес, мыңдаған оқушының оқу процесінің тұрақтылығына да қатысты.

Мәселені уақытылы реттеу үшін жауапты органдардың нақты түсіндірмесі, қаржыландыру кестесі және алдағы іс-қимыл жоспары маңызды. Бұл мектеп ұжымдары мен ата-аналардың алаңдаушылығын азайтып, білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ендігі мәселе қаржыландыруға қатысты түйткілдің себептерін анықтап, оның шешілу мерзімін нақтылау. 17 мың оқушының білім алуы мен ұстаздардың еңбекақысы назардан тыс қалмауы тиіс.

Қазақстаннан 13 Қытай азаматы шығарылды
Қазақстанда көші-қон талаптарын бұзған әрі халықаралық интернет-алаяқтық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінген Қытайдың 13 азаматы ұсталды.

16 қазанда олар Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылып, тиісті шаралар қабылдау үшін Қытайдың уәкілетті органдарына тапсырылды.

Баласын туыстарына қалдырып, есірткі таратуға барған қыз ұсталды
Павлодар қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткі таратты деген күдікпен Көкшетауда ұсталды. Полиция мәліметінше, ол кәмелетке толмаған баласын туыстарына қалдырып, есірткі таратуды көздеген.

Күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған 50 орама мен белгісіз сұйықтық құйылған 30 құты тәркіленді. Заттар сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңа туған нәрестенің өлімі: сот қандай үкім шығарды?
Семей қаласында жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған ер адам өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Оқиға кезінде сәбидің денесі сүлгіге оралған күйде қоқыс жәшігінен табылған. Тергеу деректеріне сәйкес, 20 жастағы әйел үй жағдайында босанып, нәрестені жігітіне берген. Кейін ер адам баланы қоқысқа тастаған.

Әйел бастапқыда нәресте өлі туғанын айтқан. Алайда сараптама баланың тірі дүниеге келгенін және суықтың әсерінен көз жұмғанын анықтады.

Сот мәліметінше, 15 қазанда әйел екі жылға сотталғанымен, жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылыққа сәйкес жазадан босатылған.

Ал ер адам жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2026 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанға келетін ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін QazETA электронды рұқсат жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі.

Жүйе 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана мен Алматы әуежайларында, ал 1 наурыздан бастап басқа шекара бекеттерінде қолданылады. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап электронды рұқсат міндетті болады.

Рұқсатты елге келуден кемінде 72 сағат бұрын тегін рәсімдеу қажет. Оның жарамдылық мерзімі – 180 күн. Талап 16 жасқа дейінгі балаларға, 65 жастан асқан адамдарға және кейбір санаттағы жолаушыларға қолданылмайды.

Ресей азаматтары Қазақстанға бұрынғыдай ішкі немесе шетелдік паспортымен кіре алады. ЕАЭО азаматтары елде 180 күн ішінде жалпы 90 күнге дейін бола алады.

«Дүркіреп өтті дүр жылдар»: Сырда Кенжалы Ерімбетовтің 70 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті
Қызылордада белгілі ақын, журналист Кенжалы Ерімбетовтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Дүркіреп өтті дүр жылдар» атты шығармашылық кеш өтті. Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен шарада қаламгердің өнегелі өмір жолы мен журналистика және әдебиет саласына қосқан үлесі ұлықталды.

Кешке облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, зиялы қауым өкілдері, журналистер, әріптестері мен жақындары қатысты.

Салтанатты жиында Руслан Каюпов аймақ басшысы Мұрат Ергешбаевтың құттықтауын табыстап, мерейтой иесінің иығына шапан жапты. Сондай-ақ қаламгердің ақпарат саласы мен ел руханиятының дамуына қосқан үлегін атап өтіп, шығармашылық табыс тіледі.

Шара барысында ақынның еңбек жолы мен шығармашылығы туралы естеліктер айтылып, замандастары мен әріптестері жүрекжарды лебіздерін білдірді. Мерейтойлық кеш аясында өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды.

«Ардагер келбеті» газетінің бас редакторы, «Қазақстанның құрметті журналисі», Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Кенжалы Ерімбетовтің шығармашылық кеші қаламгер еңбегіне құрмет көрсетіп, оның рухани мұрасын дәріптеген тағылымды басқосуға айналды.

Полицияның да қатысы бар»: Астанада 4,4 млрд теңгелік алаяқтық әшкереленді
Астанада әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға арналған 170 пәтерді жалған құжаттар арқылы иемденуге әрекет жасаған топтың әрекеті әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұл іске полиция қызметкерлері де қатысы болуы мүмкін.

Тергеу деректеріне сәйкес, «Төленді» кооперативінің бұрынғы басшысы сыбайластарымен бірге пәтерлерді заңсыз иемдену схемасын ұйымдастырған. Айта кетейік, ол бұған дейін 2016 жылы 1,5 мың үлескердің 10 млрд теңгесін жымқырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Күдіктілер 80-нен астам адамның атына жалған келісімшарттар рәсімдеп, сол азаматтардың атынан полицияға арыз түсірген. Кейін сот шешімдерін пайдаланып, жалпы құны 4,4 млрд теңгеден асатын 170 пәтерді өз аттарына тіркеп, сатуды көздеген.

Аталған жалған келісімшарттарды сатып алған азаматтарға 400 млн теңгеден астам материалдық залал келген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық схемаға полиция қызметкерлерінің де қатысы тексеріліп жатыр. Оларға қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және дәлелдемелерді бұрмалау баптары бойынша тергеу басталған.

Қазіргі уақытта іс бойынша 19 адам күдікті деп танылып, олардың 9-ы қамауға алынған.

Қазақстанда аты-жөнін өзгерту қанша тұрады?
Қазақстандықтар аты-жөнін бірнеше рет өзгерте алады. Заң бойынша бұған шектеу жоқ. Алайда әр өтініште өзгерту себебін көрсету қажет.

Аты-жөнін өзгертуге есімнің оғаш естілуі немесе айтуға қиын болуы, некеге тұру не ажырасу, бұрынғы тегін қайтару негіз бола алады. Сондай-ақ ұлттық дәстүрге сай есім таңдау, басқа есіммен танымал болу немесе ата-анасының ұлтына сәйкес аты-жөнін өзгертуге рұқсат етіледі.

Өтінішті 16 жастан бастап беруге болады. Аты-жөнін өзгерту қызметінің құны — 2 001 теңге.