білім — KazToday

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?
Білім саласында үнемделген қаржы көбіне білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базаны жаңарту, интернетпен қамтамасыз ету, робототехника, STEM-зертханалар ашу сияқты басым бағыттарға қайта бөлінеді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қоғам тарапынан «Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?» деген сұрақ жиі қойылады. Бұл – маңызды сауал. Себебі мемлекеттен бөлінетін қаржының ашықтығы мен әділ бөлінуі – қоғам сенімінің басты тірегі.

Біріншіден, білім саласындағы үнем — тек артық шығыннан бас тарту немесе жоспарлы оңтайландыру арқылы жүзеге асады және білім саласы бойынша бюджеттің әкімшісі ретінде басқарма қаржыны салаға қайта құюда.

Мысалы, оқу жылында нақты қажеттілікке сай келмеген жабдықтарға немесе қызметтерге бөлінген қаражат толық игерілмей, үнемделуі мүмкін. Мұндай қаржы ешқашан текке кетпейді немесе басқа салаға аударылмайды — ол қайтадан білім саласына жұмсалады.

Екіншіден, үнемделген қаржы көбіне білім беру нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базаны жаңарту, интернетпен қамтамасыз ету, робототехника, STEM-зертханалар ашу сияқты басым бағыттарға қайта бөлінеді. Бұл – оқушылар мен мұғалімдердің сапалы білім алуы мен еңбек етуіне жағдай жасаудың тікелей жолы.

Үшіншіден, үнемделген қаржы педагогтердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ыстық тамақтың ұйымдастырылуы сияқты маңызды мәселелерге бағытталып келеді. Бұл – білім беру процесінің үздіксіз және қауіпсіз жүруі үшін қажет.

Мәселен, 2022 жылға дейін міндетті оқу қорынан бөлінген қаржы есебінен ыстық тамақпен жекелеген санаттағы отбасынан шыққан оқушылар ғана қамтылса, 2023 жылдан бастап әлеуметтік осал топқа жататын балалар мен бастауыш сыныптардағы оқушылар 100 пайыз тегін тамақпен қамтылады. Яғни, 2022 жылы бұл мақсатқа 1.9 млрд. теңге қаралса, 2023 жылы ыстық тамақты ұйымдастыруға 8,9 млрд. теңге, 2024 жылы 9 млрд. теңге, 2025 жылы 88 168 балаға 9,3 млрд. теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, соңғы үш жылда 7,8 млрд. теңгеге 24 мектеп күрделі жөндеуден, 2,3 млрд. теңгеге 79 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.

Соңғы үш жылда 22,9 млрд. теңгеге 6 білім беру мекемесіне қосымша ғимарат, 12 жаңа ғимарат салынды.

3,5 млрд теңгеге білім беру мекемелері пәндік кабинет, интерактивті панель, ЛЭД экран және робот құрылғылармен қамтылды.

2,1 млрд. теңгеге білім беру мекемелернің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни бейнебақылау жүйелері, турникет, дабыл нүктелері орнатылды.

861,6 млн. теңгеге жылу маусымын үздіксіз ұйымдастыру бағытында білім беру мекемелерінің жылу жүйелері жаңартылды.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 2023 жылы 1,7 млрд. теңге, 2024 жылы 1,8 млрд. теңге, 2025 жылы

1,9 млрд теңге қаржы бөлінді.

«Бұл білім басқармасы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қаралған қаржының бір бөлігі ғана. Сондықтан үнемделген қаржының «қайда кетіп жатқаны» туралы сұраққа жауап – ол сол қаржының білім сапасын арттыруға қайта инвестиция ретінде қайтып келуі (ешқандайда асфальт салуға, басқа құрылыс нысандарын салуға емес).

Қаржылық ашықтық – сенімділіктің негізі.

Әр теңге өз мақсатына сай жұмсалуы – білім басқармасының басты ұстанымы. Біз қоғаммен кері байланысты күшейтіп, барлық қаржылық шешімдердің негіздемесін жария түрде ұсынуға әркез дайынбыз» делінген Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарламасында.

686 миллион теңге: Аудандық білім бөлімінің басшысы мен 7 есепші сотталды
Аудандық білім бөлімінің басшысы және 7 бухгалтер сотталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Алматы облысында Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткееваға және осы бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.

Сот мәліметінше, күдіктілер білім беру саласында жұмыс істемейтін адамдарға 686 миллион теңге заңсыз жалақы аударып келгені үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға жалпы сомасы 4,9 млн теңге жалақы заңсыз төленген кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған.

Сот үкімі бойынша, Каткеева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Білім саласындағы былық: қызметкерлерге 38 миллион теңге өтемақы төленбеген
Қостанай облысының білім беру саласында қызметкерлерге өтемақы берілмегені анықталды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Қостанай облысының прокуратурасының мәліметінше, білім беру саласында қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа жеткенде кепілдендірілген өтемақы және іссапар шығындары төленбегені анықталған.

Жұмыстан босату туралы бұйрықтарда зейнеткерлік жасқа толуына байланысты шартты бұзу туралы көрсетілмей, еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің өтініші бойынша бұзылған. Барлығы 350 қызметкер анықталды, оларға 38 миллион теңгеден астам өтемақы төленбеген. Сонымен қатар, білім бөлімдері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға іссапар шығындарының төленбегені анықталды. Конституциялық құқықтары бұзылған және оларға 185 миллион теңгеден артық төленбеген 1,8 мыңнан астам педагог анықталды, делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі кезде қадағалау актілері бойынша 60 миллион теңгеден астам сомаға төлемдер жүргізілген 405 мұғалімнің құқықтары қорғалды. Қалған қызметкерлерге төлемдер жақын арада төленетін болады.

Білім саласында заң бұзғандар анықталды
Қызылорда облыстық білім басқармасы 2025 жылға арналған Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты мемлекеттік және жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру мақсатында өткізілген конкурстық комиссия жұмысынан заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Атап айтқанда, көптеген балабақшаларда құжаттар тізбесі бекітілген талаптарға сай емес болып шыққан. 52 балабақшаның тиісті медициналық қызмет көрсету лицензиясы жоқ, бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.

Екінші мәселе, мекенжай сәйкессіздігі. Балабақшалардың нақты орналасқан мекенжайлары құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес келмейді. Үшінші түйткіл, нысаналы мақсаттың өзгертілмеуі, 31 балабақшаның нысаналы мақсаты заңды түрде өзгертілмеген. Сондай-ақ 37 балабақшаның құжаттары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға (СЭС) сәйкес келмейді.

Осы олқылықтар балалардың қауіпсіз және қолайлы ортада тәрбиеленуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Облыстық білім басқармасы 2025 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өткізілген конкурстық комиссия отырысының хаттамаларын жарамсыз деп тануды және конкурсты қайта өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының басшысы білім бөліміне қарасты салаға жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау және алдағы уақытта мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік тапсырыс орналастыру жөніндегі комиссия жұмысының әділдік, ашықтық, жариялылық принциптеріне сай болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл қадамдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарына сай келмейтін мекемелерді анықтау арқылы білім беру саласының сапасын арттыруға бағытталған.

Білім алушылар үшін «111» байланыс орталығы қолжетімді бола түспек
Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде «111» байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін QR-кодтар енгізілді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Аталмыш орталық балалар мен олардың ата-аналарына құқықтық, психологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.

QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі мектептерде, балаларға арналған орындарда және автобус аялдамаларында орналасқан.

Бұл жаңалық балаларға көмекке жүгінуді жеңілдетеді.

Айта кету керек, былтыр «111» байланыс орталығына 1000-ға жуық өтініш түскен.

АТА — АНАЛАРДАН ПАРА АЛҒАН ШЕНЕУНІК ҚҰРЫҚТАЛДЫ
“Балабақшаға кезексіз қабылдаймын» деп, ата-аналардан көлемді пара алған елордалық шенеунік құрықталды. Антикордың ұсынған ақпаратына сүйенсек, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы бүгінде толық тергеліп, ісі сотқа жолданған, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Заңсыз әрекеті әшкере болған шенеунік бірнеше жыл қатарынан мемлекеттік бөбекжайлардың меңгерушілерімен тікелей келісу арқылы, Indigo бағдарламасын айналып өтіп, айла-тәсілін жүзеге асырып келген. Кезексіз қабылданған балалар сонда ортақ базада мүлдем көрсетілмеген болып шықты. Онымен қоймай, Білім басқармасының экс-басшысы туған ұлын да жекеменшік балабақшаға қызметке тұрғызып қойған. Тек баласы бірде-бір рет жұмыс орнында төбе көрсетпей, алаңсыз айлық алып отырғаны анықталды.