депутат — KazToday

«Тең жартысы жұмыссыз»: Депутат жұмыссыздар санын қайта тексеруді ұсынды
Депутат Қазақстандағы жұмыссыздар санын қайта тексеруді ұсынды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Нартай Сәрсенғалиев ұлттық статистика бюросының есебіне күмән келтірді.

«Қазақстанда 11,5 млн адам еңбекке қабілетті болса, оның 5,2 млн-да әлеуметтік аударым мүлдем жоқ болса, демек азаматтарымыздың тең жартысы жұмыссыз демеске амал бар ма?» — деді ол.

Айтуынша, бұл мәселеге бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалып жатыр.

Толығырақ @sputnik_aitady ұсынған видеода.

«Бүкіл әлемде мұнша ұрлық болмаған»: Депутат жемқорлықпен күресті күшейту керегін айтты
Мәжіліс депутаты Марат Башимов Қазақстан билігіне заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару, сыбайлас жемқорлықпен және қаржы жымқырумен күрес мәселелері бойынша заңнаманы қатаңдататын кез келді деп есептейді, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Депутат Бас прокурорға хат жолдап, «кеңейтілген конфискация» механизмін енгізуді ұсынды. Яғни, егер адам мүлікті заңды жолмен алғанын дәлелдей алмаса, сот үкімінсіз-ақ тәркіленуі мүмкін.

Башимовтың айтуынша:
— Активтер көбінесе көңілдестер мен туыстардың атына рәсімделіп, тәркілеу шаралары нәтиже бермей келеді.
— Қазақстанда жемқорлыққа қарсы реформалар лоббистердің кесірінен тежеліп отыр.
— Жаңа заң жобасына қаржы жымқыруға қарсы бағытталған 100-ге жуық норма енгізілген.

«Бүкіл әлемде мұндай ауқымда ұрлық болмаған»
«Ақша жымқыруға қарсы күресте бұрын қабылданбай келген барлық шараларды енді қабылдайтын уақыт жетті. Осы салада шынайы әділеттілік орнайтын кезең келді», — деді Башимов.

Ал осы тұста кейбір өзге мәжілісмендер, керісінше, капиталды амнистиялауды ұсынуда — яғни, Қазақстаннан шетелге шығарылған қаржыны елге қайтару шартымен олигархтарды кешіру бастамасын көтеріп отыр.

Дереккөз: kazakh_inform

«Манипуляцияға жол беруге болмайды»: Депутат Magnum-дағы жағдайға пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Magnum компаниясына қатысты әлеуметтік желілерде тараған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Оның айтуынша, бұл жағдайды саясиландырып, тілдік немесе ұлттық қақтығыс ретінде көрсетудің қажеті жоқ.

«Біріншіден, манипуляцияға жол беруге болмайды. Мен бұл мәселені зерттедім, қарадым. Бұл – тек Еңбек кодексі аясында реттелетін дүние. Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, ‘қазақ тілі қорланып жатыр’ деген әңгіме емес. Бұл – жеке бастың дауы», – деді депутат.

Оның айтуынша, жағдайға қатысты нақты бейнежазбалар жоқ, сондықтан нақты не айтылғанын білу мүмкін емес.

«Сол себептен, менің ойымша, Magnum да, қоғамдағы көп белсенділер де тек манипуляцияға алданып отырған сияқты», – деді ол.

Бейсенбаев бұл жағдайды саясиландыру арқылы көптеген адам жұмысынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

«Magnum – еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Қаншама қазақ жастары сол жерде жұмыс істеп жүр. Бұл – екі қазақтың арасындағы конфликт. Одан дау тудырып, ‘қазақ тілі қорланды’ деп айту – артық», – деді Мәжіліс депутаты.

Сөз соңында Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдеріне де үндеу жасап, тексерілмеген, нақты дерегі жоқ ақпаратты таратпауға шақырды: «Баяғыда айтатын еді ғой: ‘самаурыннан су кетті десе, Самарқандты су алды’ деген. Сол әңгіменің пұшпағында кетудің қажеті жоқ. Қою керек ондай нәрсені», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе Парламентте немесе бұқаралық ақпарат құралдарында талқылайтын дүние емес.

Дереккөз: @ztb_qaz

Сарбаздар аш жүр: депутат әскерилерге арналған тамақ құнын шұғыл көтеруді талап етті
Мәжілісте Қазақстан әскери қызметшілерінің дұрыс тамақтанбайтыны айтылды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Бұған себеп – сарбаздардың ас пайының құнын есептейтін ескі әдістеменің қолданылып келуі.

Бұл әдістеме соңғы рет екі жыл бұрын жаңартылған — 1713 теңгеден 2250 теңгеге дейін көтерілген. Алайда, депутат Айгүл Құспанның айтуынша, бұл әдістеме қазіргі таңда мүлде қолданылмайды. Егер осы әдістеменің өзін қолданса, бір сарбазға күнделікті берілетін ас пайының нақты құны шамамен 3150 теңге болуға тиіс.

Нормативке сәйкес, сарбаздар күн сайын ет, көкөніс, жеміс-жидек секілді 48 түрлі азық-түлік өнімін алуы қажет. Алайда бюджеттік шектеулерге байланысты жеткізушілер табиғи өнімдерді арзан баламаларымен алмастыруда.

«Сычужный сырды – ірімшік өніммен, сүтті – сүт қосылған өніммен, ал сары майды – бірнеше есе арзан спредпен алмастыруда», — деді депутат.

Бұл жағдай әскери қызметшілердің денсаулығына тікелей әсер етуде. 2024 жылы 30 тоннадан астам азық-түлік жеткізушілерге кері қайтарылған. Сонымен қатар келісімшарт талаптарының бұзылуы 46 пайызға жиілеген.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылы ас пайының құнын көтеру үшін қосымша 10,2 млрд теңге қажет. Қорғаныс министрлігі бұл соманың 7,5 млрд теңгесін өз лимиттерінен жаба алатын көрінеді.

Сондай-ақ Құспан инфляцияны ескере отырып, ас пайының құнын автоматты түрде түзету механизмін енгізуді және тамақ сапасына бақылауды күшейтуді ұсынды.

«Маңыздысы – шығынды арттыру ғана емес, сол бөлінген қаражаттың толық көлемде сарбаздарға жетуін қамтамасыз ету. Әскердегі тамақтануды ұйымдастыруға бақылау ашық болуы керек. Бұл үшін „Аналар жүрегі“ сарбаз аналары кеңесі секілді қоғамдық ұйымдарды тарту және автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу қажет», — деді ол.

Ал сарбаздар аш қалып, улануда деген мәселеге байланысты кім жауапқа тартылады – бұл жағы белгісіз. Себебі бұған дейін әскери қызметшілердің өз-өзіне қол жұмсауы секілді оқиғалар үшін Қорғаныс министрінің орынбасары тек ескерту алғаны белгілі.

Дереккөз: ORDA

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі.

Депутат жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов елімізде жыныс ауыстыруға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Оның ойынша, еліміздің бай тарихын, ата-бабаларымыздан қалған ұлттық ерекшеліктерімізді, мәдени және дәстүрлі құндылықтарымызды ескере отырып, жыныстық сәйкестік бұзылысы бар адамдардың жынысын өзгерту мәселесінің біздің қоғам үшін қаншалықты қолайлы екендігі жөнінде сұрақ туындайды.

«»Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, жыныстық сәйкестік бұзылысы бар, 21 жасқа толған, әрекетке қабілетті азаматтар (психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар адамдардан басқа) жынысын ауыстыруға құқылы», — дейді депутат.

Депутаттың сөзінше, «жыныстық бұзылысы бар тұлға» деген ұғымның өзі адамның белгілі бір ауытқуы бар екенін білдіріп тұр.

Бұл тұлғалардың денесінде ешқандай физикалық аномалия жоқ екенін ескерсек, мәселе олардың психикасы мен мінез-құлқына болуы мүмкін. Сондықтан психикалық немесе мінез-құлықтық ауытқулары бар адамның сау денесіне гормоналды және хирургиялық араласуды ақтау мүмкін емес, — деді Магеррам Магеррамов.

ZTB NEWS хабарлағандай, мәселеге байланысты халық қалаулысы Үкіметтен келесідей сұрақтарға жауап беруін сұрады:

Егер сіз «Сау ұлт» ұлттық жобасын іске асырып жатсаңыз, неге ақылға қонымсыз жағдай туғызып, ер адамды әйелге, әйелді ер адамға хирургиялық жолмен айналдыруға мүмкіндік беріп отырсыз?

2. Неліктен мінез-құлықтық/психикалық бұзылыстар бізде хирургиялық жолмен «емделеді»?

3. Қанша жыныс ауыстыру операциясы жасалды? Олардың қаншасы жынысын қайта ауыстыруға ниет білдірді?

4. Қазіргі уақытта жынысын өзгертуге қанша адам өтініш берді?

5. Мұндай манипуляциялар медицинадағы басты қағидат – «Зиян келтірме» және ұлттың моральдық саулығына қайшы келмей ме?