Магнум — KazToday

«Біз татуластық»: Курьер Magnum-дағы жұмысына оралды
Клиенттен қазақша сөйлеуін сұраған Magnum курьері Еркін мен оның жұмыстан шығарылуына себеп болған клиент Асылхан татуласқандарын айтып видеоүндеу жасады, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Әлеуметтік желілерде Magnum супермаркеттер желісінің курьерінің жұмыстан шығарылуы қоғамда үлкен талқыға түсті. Бұл жағдай курьердің клиенттен қазақ тілінде сөйлеуін сұрауынан кейін болған.

Клиент Асылхан есімді азаматтың айтуынша, ол Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс берген кезде, курьер одан қазақша сөйлеуді талап еткен. Кейін бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланып, нәтижесінде курьер жұмыстан қуылған.

Magnum компаниясы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, курьердің жұмыстан шығарылуы тек тіл мәселесіне байланысты емес екенін айтты. Олардың мәліметінше, курьер клиенттермен бірнеше рет дөрекі сөйлескен.

Компания барлық тұтынушыларға бірдей құрметпен қарайтынын және қызмет көрсету мәдениетін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды. Көптеген қазақстандықтар Magnum желісіне бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Әлеуметтік желі қолданушылары компанияның әрекетін сынға алып, мемлекеттік тілге деген құрметтің төмендігін атап өтті.

Еркін мен Асылханның татуласқандарын айтқан видеосын журналист Үйтолған Жареке өз парақшасында жариялады.

«Әлеуметтік желіде маған және Magnumға қатысты әңгіме болып жатыр. Баршаңызға қолдауларыңыз үшін үлкен рахмет айтамын. Өмір болған соң түсінбеушіліктер болып тұрады. Бәріміз қазақпыз ғой, елімізге татулық пен тыныштық керек. Екеуміз кездесіп, татуласып, қол алыстық. Қазір Magnum-да жұмысымды жалғастырып жатырмын. Бәрі жақсы, жұмыс берушіге ешқандай шағымым жоқ. Осымен мәселеге нүкте қойып, тоқтатсақ деймін«, — дейді Еркін.

Ал, Асылхан жағдайдың бұлай болғанына өкінетінін айтты.

«Екеуміздің бір-бірімізге ешқандай өкпе-ренішіміз жоқ», — дейді ол.

«Манипуляцияға жол беруге болмайды»: Депутат Magnum-дағы жағдайға пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Magnum компаниясына қатысты әлеуметтік желілерде тараған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Оның айтуынша, бұл жағдайды саясиландырып, тілдік немесе ұлттық қақтығыс ретінде көрсетудің қажеті жоқ.

«Біріншіден, манипуляцияға жол беруге болмайды. Мен бұл мәселені зерттедім, қарадым. Бұл – тек Еңбек кодексі аясында реттелетін дүние. Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, ‘қазақ тілі қорланып жатыр’ деген әңгіме емес. Бұл – жеке бастың дауы», – деді депутат.

Оның айтуынша, жағдайға қатысты нақты бейнежазбалар жоқ, сондықтан нақты не айтылғанын білу мүмкін емес.

«Сол себептен, менің ойымша, Magnum да, қоғамдағы көп белсенділер де тек манипуляцияға алданып отырған сияқты», – деді ол.

Бейсенбаев бұл жағдайды саясиландыру арқылы көптеген адам жұмысынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

«Magnum – еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірі. Қаншама қазақ жастары сол жерде жұмыс істеп жүр. Бұл – екі қазақтың арасындағы конфликт. Одан дау тудырып, ‘қазақ тілі қорланды’ деп айту – артық», – деді Мәжіліс депутаты.

Сөз соңында Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдеріне де үндеу жасап, тексерілмеген, нақты дерегі жоқ ақпаратты таратпауға шақырды: «Баяғыда айтатын еді ғой: ‘самаурыннан су кетті десе, Самарқандты су алды’ деген. Сол әңгіменің пұшпағында кетудің қажеті жоқ. Қою керек ондай нәрсені», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе Парламентте немесе бұқаралық ақпарат құралдарында талқылайтын дүние емес.

Дереккөз: @ztb_qaz

«Маған сендей маман керек»: Нұрсейіт Жылқышыбай Магнум жұмыстан қуған курьерді іздеп жүр
Белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Магнум жұмыстан шығарып жіберген курьерді іздеп жүр, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Жұрттың баласы арнасы жазғандай, азық-түлік жеткізген үй иесінен қазақша сөйлеуді талап еткен курьердің жұмыстан қуылуы қазақтілді қауымның ашу-ызасын туғызып, мұны соңы Магнумға байкот жариялауға ұласқан еді.

«Бұл жігітті іздестіріп жатырмын. Өз компанияма жұмысқа аламын. Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін адам жұмыссыз қалмауы керек», — дейді Жылқышыбай.

Журналист Магнумға бармау, өнімін сатып алмау акциясын қолдап отыр. Айтуынша, қазақ тілі тек қазақтың ғана тілі емес, ол статусы бар мемлекеттік тіл. Бұл бастаманы қарапайым халық қана емес, билік те қолдауы керек.

«Мемлекеттік тілде сөйлегені үшін жұмыстан қуылатын болса қылмыс. Осындай кезде тілім-тілім деп жүретін депутаттар қайда? Мағнұм басшылығы қоғам алдында бұл сорақылығы үшін жауап беруі тиіс», — дейді Нұрсейіт Жылқышыбай.

Соңғы күндері осынау дүкенге бас сұғатын қауымның қарасы күрт азайған. Фейсбуктен басталған байкотты Инстаграм мен Тик-токтағы қауым іліп әкеткен жайы бар.

Қазақтілді қауымның күші мен қуатын сезінген Магнум иелері түнеукүні жағдайға байланысты мәлімдеме жасағанмен, курьерді қайта жұмыс алған жоқ, қателіктерін мойындағысы келмеді.

Бізге белгілі болғандай, байкотқа бастамашы болған азаматтар алдағы күндері арнайы қауымдастық құрып, Магнумға қарсы акцияны күшейтеді.