Мүгедектік — KazToday

Әскерге барып мүгедек болған Ербаян Мұхтар Түркияда ем алып қайтты
Әскерге барып жұмбақ жағдайда басы жарылып, мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтар Түркиядан Қазақстанға қайтты, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Ербаянның заңды өкілі Инга Иманбайдың айтуынша, Стамбұлдағы емнің бірінші кезеңі аяқталған, алдағы 2-3 ай Қазақстанда болады.

«Ербаянның басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең – реабилитацияны бастайды. Жуырда Ербаянның ата-анасы бірінші кезеңдегі емге кеткен қаржы бойынша есеп береді» деп жазды И.Иманбай жеке парақшасында.

Инга Иманбайдың мәліметінше, Стамбұлда Ербаянның басына ота жасалған. Нәтижесінде инфекциядан толық арылған. Салмақ жинап, роботтың көмегімен қимылдай бастаған. Тамақты өзі аздап ішетін жағдайға келген.

Айта кету керек, Ербаян ісі әлі тергеу сатысында тұр.