Мұнай — KazToday

«Бір апта уақыт берілді»: Сауд Арабиясы Қазақстанды жазалауға дайындала бастады
ОПЕК+ мұнай бағасының арзандап, квоталық шектеулер бойынша келісімнің сақталмағанына Қазақстанды кінәлі деп тапты, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Бізге бір апта уақыт беріліп отыр. 15 сәуір күні жаңа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов квоталық шектеулерден асып кеткен көлем бойынша компенсациялық график ұсынуы тиіс.

Бір қызығы біздің мұнай өндірісін қалай шектейтініміз белгісіз. Себебі, Қазақстанның ең ірі мұнай өндірушісі «Теңізшевройл» АҚШ алпауыты Chevron корпорациясына қарайды. ТШО мұнай өндірісін ұлғайту үшін Теңіз кешеніне қомақты инвестиция салып, былтырдан бастап жоба аясында көбірек мұнай шығара бастады. Енді оны шектеу технологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себепті ТШО бұған дейін Энергетика министрі болған Алмасадам Сатқалиевтің өндірісті шектеу бойынша талаптарын орындаудан бас тартқан еді.

Қазақстан ОПЕК+ отырыстарында белгіленген квоталармен келісіп, «иә» деп бас шұлғып, ешкіммен дауласпай тыныш жүрсе де, іс жүзінде өндірісті шектеу көрсеткішін мүлде орындамады. ОПЕК+ министрлер комитетінің мониторингі өткізетін соңғы отырыста аталған факт бойынша баяндама жасалғанда ұйым төрағасы, Сауд Арабиясының мұнай министрі Абдель Азиз бин Салман өз ашуын жасыра алмаған.

«Сатқалиевтің Атом энергетикасы бойынша агенттікке сұранып, ауысып кеткені содан. Шеврон өндірісті қысқарту бойынша Сатқалиев ұсыныстарын құлағына да қыстырған жоқ, ал ОПЕК отырыстарында осы үшін қайта-қайта сөз ести беруге намыстанып кетті. Енді жаңа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің жүйкесі жұқаратын болады. Арабтар дауысын жуандатып, Қазақстанға зілді дауыспен сөйлей бастамақ», — дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

ОПЕК+ квотасына сәйкес Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,468 миллион баррельден аспауы керек. Қазақстан бұл шектеуді сақтамай келеді. Мысалы, биыл наурыз айында еліміз тәулігіне 2,17 миллион баррель мұнай өндірді. ОПЕК+ бізден 2024 жылдың басынан бері артық өндіріліп қойылған мұнай көлемін енді қалай өтейтінімізді білгісі келеді. Ол үшін Қазақстан бірнеше ай бойы тәулігіне 1 миллион баррель шамасында ғана мұнай шығаруы тиіс. Демек кеніштерден жоғарғы қысыммен атқылап жатқан мұнайды тоқтату қажет. Ал оның салдары біз үшін ауыр болары сөзсіз.

Еліміз картельмен тәжікелескісі келмейді. Есікті тарс жауып шығып кететіндей қуатымыз да жоқ. Және АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған әлемдік сауда соғысының салдарынан мұнай бағасы күрт арзандап, бүгін Brent барреліне берілетін фьючерстер 64 долларға дейін құлдырады.

Бұл жағдайда ОПЕК+ квоталарды одан сайын қыса бастауы да ғажап емес. Ондай сценарий орын алса, қазіргі шектеулерді сақтай алмай отырған Қазақстан мүлде ауыр жағдайда қалады.

Фото: Курсив

Қазақстанның батысында мұнай бұрғысы өртеніп жатыр
6 наурызда Атырау облысында «Ембімұнайгазға» (ЕМГ) қарасты Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасы өртенді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Курсив мәліметінше, ол Атырау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 170 км жерде орналасқан.

Бұрғыдағы өрттен шыққан алау шамамен 20 метрге дейін көтерілген. Бұл туралы PetroCouncil.kz телеграм-арнасының дереккөздері хабарлады.

Мұнай кен орнындағы оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Ембімұнайгаз» АҚ компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасында перфорациядан кейін құбырды түсіру кезінде кен орнынан газ шығып, соның салдарынан бұрғы істен шыққан.

«ЕМГ жедел штабы шұғыл шараларды қолға алды. Ұңғыма аумағы қоршалып, кен орнын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр», – деп хабарлайды компания.

Мәліметке қарағанда, оқиға орнында «Ақ Берен», «Семсер Өрт сөндіруші», «СОП Атырау» кәсіпорынының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз мәліметінше, өрт әлі сөнген жоқ.

Маңғыстауда 20 тонна тәркіленген мұнай өнімдері сатылмай қалды
Маңғыстауда 20 тонна тәркіленген мұнай өнімдері сатылмай қалды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Электрондық сауда алаңында лот ретінде 20 220 килограмм мұнай өнімдері 17,4 миллион теңге бастапқы бағамен сатылымға қойылды. Алайда оларды сату әзірге мүмкін болмады.

Мұнай өнімдері 2021 жылдан бері қоймада сақтаулы. Олар жазда тәркіленген. Ол кезде құқық қорғау органдары «CaspiOilGas» ЖШС-ға тиесілі «Ракушечное» кен орнында HOWO маркалы автоцистерна жүк көлігін тоқтатқан. Цистернада рұқсат құжаттары жоқ 20 тонна мұнай болған.

Тергеу нәтижесінде заңсыз өндірілген мұнайдың аффилиирленген заңды тұлға – «SumatecOil&Gas» ЖШС арқылы сатылғаны анықталды. Өндірілген шикізат «VOID» ЖШС-да өңделген.

Іс аясында сот тәркіленген мұнай өнімдерін сату туралы тергеу өтінішін қанағаттандырды. Олардың сатылымынан түскен қаражат Маңғыстау облысы экономикалық тергеулер департаментінің есепшотына аударылуы тиіс.