Мьянма — KazToday

Мьянмада төрт қазақстандық құлдыққа түскен
Өзбекстандық және қазақстандық дипломаттар Мьянмада еңбек құлдығына тап болған Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтарының отанына оралуына көмектесті, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Жәбірленушілердің айтуынша, олар интернет арқылы уәде етілген жоғары жалақысы бар жұмыс іздеп, Таиландқа келген. Оларға тегін әуе билеттері де ұсынылған.

Алайда Таиландқа келген соң оларды алдап, заңсыз жолмен Мьянмаға алып кеткен. Ол жерде олар адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың қолына түскен. Жәбірленушілерді жалған колл-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Заңсыз әрекеттерден бас тартқан жағдайда, оларға күш қолданылып, қорқыту әдістері пайдаланылған. Бостандыққа шығу мен отанына оралу үшін олардан ірі көлемде қаржы талап етілген.

Осындай жағдайға екі өзбекстандық, төрт қазақстандық және жеті қырғызстандық азамат тап болған.

Мьянма мен Таиландтың құзырлы органдарымен келіссөздер мен келісілген іс-әрекеттер нәтижесінде бұл үш елдің азаматтары босатылып, Таиландтағы Маесот шекара бекетінде дипломаттарға тапсырылды. Ол жерде оларға уақытша баспана мен тамақ ұйымдастырылды. 11 сәуірде олар елдеріне сәтті репатриацияланды.

Дипломаттар шетелден жұмыс ұсынған кез келген хабарламаларға сақтықпен қарап, ақпарат көздерінің шынайылығын мұқият тексеруге шақырады.

Дереккөз: Орда

Жер сілкінісіне байланысты бір апта аза тұту күні жарияланды
28 наурызда Мьянмада 7,7 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзаладан қаза тапқандар саны 2000-нан асуына байланысты елде бір апталық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Мьянманың премьер-министрі Мин Аун Хлайн аза тұту күні жөнінде ресми мәлімдеме жасады.

Қазіргі уақытта дүмпу салдарынан мерт болған адамдардан бөлек, 3 мыңға жуық адам зардап шеккені белгілі болды.

Апаттан Мьянманың тұтас аудандары қираған. Көршілес Тайландқа да әсер етіп, оннан аса тұрғын қайтыс болған. Сондай-ақ Бангладеш, Үндістан, Таиланд, Лаос және Қытайда да жер сілкінісі байқалған.

Мьянма билігі кез келген елден, кез келген ұйымнан гуманитарлық көмек сұрап, мәлімдеме жасады.

БҰҰ 23 мың зардап шеккен адамға шұғыл гуманитарлық көмек жіберді. АҚШ жергілікті ұйымдар арқылы көмекке 2 миллион доллар бөлетінін айтты.