Назарбаев — KazToday

Ерлан Қошанов Назарбаев режимін сынады
Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов Назарбаев режимін сынады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

“30 жыл бойы Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасындағы ел болды. Алайда жылдар бойы қолданыста болған модель уақыт өте келе күрделі саяси дағдарысқа әкелді. Бұл көбінесе қоғамды тітіркендіретін және елдің дамуын бәсеңдететін белгілі бір топтар мен бір жеке тұлғалардың қолына билік пен капиталдың шамадан тыс шоғырлануымен байланысты болды. Сондықтан үш жыл бұрын саяси жүйені модернизациялау үдерісін бастау – барлық билік бір қолға шоғырланған жағдайдан кету аса маңызды болды” деді ол.

2019 жылы 19 наурызда елді 30 жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Тоқаев өз реформасын таныстырарда «Жаңа Қазақстан» ұғымын жиі қолданады. Дегенмен кей сыншылар “Жаңа Қазақстанның” ескісінен айырмашылығы аз деп санайды.

Дереккөз: Азаттық

Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк 2024 жылы қанша пайда тапқан
Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік банк былтыр табысын арттырған, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Назарбаев қоры бақылайтын банк 2024 жылы рекорд пайда алғанын жариялады.

Бұл туралы қаржы ұйымының есебіне сілтеме жасай отырып, Orda басылымы жазады.

Азия-Тынық мұхиты банкі (АТБ) 2021 жылы Назарбаев қорының бақылауына өткен. Ресей Орталық банкінің сайтында жарияланған деректерге сәйкес, АТБ былтыр 11,3 млрд рубльден (шамамен 59,2 млрд теңге) аса таза пайда тапқан.

Банктің проценттік кірісі 31,2 млрд рубльді (162,4 млрд теңге) құрады. АТБ-ның пайдасы рекордтық деңгейге жетіп, кейінгі айда 15,54%-ға өскен.

Назарбаев қоры банкті басқарған кейінгі үш жылда қаржы ұйымының таза табысы 19,88 млрд рубльге (103 млрд теңгеден астам) жетті.

АТБ 2021 жылы Ресейдің Орталық банкі қаржы ұйымын аукционға шығарғаннан кейін Қазақстанның экс-президентінің бақылауына өтті.

Банкті «Pioneer Capital Invest» ЖШС сатып алған. Бұл компания Назарбаев қоры мен экс-президенттің атымен байланысты басқа құрылымдарға тиесілі.