Шерзат — KazToday

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады
Талдықорған қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді, деп хабарлайды kaztoday.kz.

«Адырна» ұлттық порталы мәліметінше, бұл іс бойынша Алматы облысының соты жауапты болғанымен, сот процесі Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында ұйымдастырылып отыр. Жоғарғы сот мұны айыпталушылардың Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғанымен байланыстырды.

Сот отырысы түскі сағат 12:00-де басталады. Іс ашық форматта қаралады. Судья Е.С. Жанұзақов төрағалық етеді.

Іске байланысты тоғыз адам айыпталушы ретінде танылып отыр. Тергеу барысында барлығы 11 күдікті ұсталған, алайда олардың екеуі куәгер ретінде босатылған. Қылмыстық іс «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қорқыту» және «Қылмыс туралы хабар бермеу» баптары бойынша қаралуда.

Алматы облысының полициясы тергеген іс 62 томнан тұрады. Ішінде 40 сот сараптамасы, 200-ге жуық куәгердің жауабы және сегіз видеоматериал бар.

Жәбірленуші тарапты адвокат Мейірман Шекеевтің кеңсесі қорғайды. Қорғаушылар қатарында Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ыбраев, Бағдат Амандосұлы және Бекзат Мязов бар.

Еске салсақ, Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар қаласында «Қамажай» дүкенінің алдында қарулы қақтығыс кезінде пышақталып, көз жұмды. Қайғылы оқиға жасөспірімнің ата-анасының көз алдында болған.

Осы оқиғадан кейін, 7 қазанда марқұмның туыстары аудан әкімдігінің алдына жиналып, тергеудің әділ өтуін талап етті. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.

Шерзат ісі: Марқұмның туысы маңызды ақпараттармен бөлісті
Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы отбасының қазіргі жағдайы мен інісінің қайтыс болған күні туралы айтты, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Перизат Нұрымова аталмыш жағдайлар жөнінде Qazaq AIRAN YouTube-арнасында мәлімдеген.

Оның айтуынша, 10 желтоқсан күні ағасы Қаржаубай журналистер мен әкімнің келуін талап еткен.

“Халық жиналып митинг ұйымдастырсын, қантөгіс болсын, деп айтқан жоқпыз. Тек 1 сағат берсін, адамдар келіп үлгерсе екен деген ниет болды. Оқиға орнына бірінші қара киімді Арнайы жедел әрекет ету жасағы келді. Екінші полиция келіп машинаны қоршап тұрды. Үшінші әскери киіммен тағы адамдар келіп, Қаржаубай мен сіңлім Салтанатты түсіргісі келді. Сол сәтте жолдасым зияны тиіп кетпесін деп көлікке мініп, Салтанатты соққыдан қорғап тұрды. Сосын әскерилер оны да ұрып-соғып, көлікке салып алып кетті. Жай ғана басып алып кетпеді, көліктен сүйреп түсіріп, ұрып, есінен танып, қайта оянған соң, баскиімін бетіне дейін тартып, әрі қарай басынан төмпештеп ұра берген“, – дейді Нұрымова.

Перизат Нұрымова інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзін өлтіруі мүмкін емес деп санайтынын жеткізді.

“Нұрқанаттың жұбайы бар. Үйленгеніне бір жыл болды. Екеуі балалы болу үшін ем қабылдап жүрген еді. Балам болсын деп жүрген адам өз-өзіне қол салуы мүмкін емес. Сол күні Нұрқанатты ұзақ іздедік. Түнгі 23:30-дан бастап жолдасым екеуіміз Шерзаттың бейітіне 4-5 рет бардық. Алайда ол жерден көлігін көрмедік. Бір уақытта үйді күзетіп тұратын Дастан есімді жігіт жүгіріп келіп, Қаржаубайдың құлағына бірдеңе айтты. Сосын ағам бірден көлігіне отырып, бейіт жаққа қарай барды. Бейітке 50-60 метрдей қалған жерде Қаржаубай айтқан ақ KIA көлігі тура көз алдымызда өтті. Сосын Дастаннан бұл кім, деп сұраған едік, “өзіміздің Ішкі істер департаментінің адамдары ғой” деп жауап берді. Біз жоғарыға көтеріліп жатқанда ақ KIA көлігі төменге қарай түсті. Олар қалай Нұрқанатты таппады. Неге кетіп қалмай, бізге қосылып іздемеді, деген сұрақтар туындайды”, – дейді Нұрымова.

Марқұм болған інісін тауып алған кезде оны «асып кеткен кейіпте» тұрғанын тілге тиек етті.

“Екі күн бойы сөйлемей жүрдім. Сөйлейтін шамам болмады. Себебі шаршадым. Ертең не болады, келесі кім, деген сұрақтар мазалады. Бауырымның денесін бір сағат құшақтап отырдым. Жедел жәрдем келген жоқ. Полиция қызметкерлері де бір сағаттың арасында келді. Нұрқанатты асып кеткен кейіпте ғана тауып алдық. Ол асылып тұрған жоқ. Адам тіке асылып тұрса бір сәрі, ол тізерлеп, аяқтары бүгіліп тұрды. Адам бұлай асылып қалмайды. Асылса мойнында шеңбер сияқты із қалуы керек. Оның бір жағында ғана із бар. Оның жанында жара бар. Арқасында ісінген, көгерген жерлері бар”, – дейді Нұрымова.

Бұдан кейін ол қоқан-лоққы көргендерін айтты.

“Шерзат қаза болған соң жетісінде үйді өртеп кетті. Үйді өздерің өртедіңдер деді. Қазір бәріміздің басымыз қосылып Нұрқанатқа құран бағыштауға мүмкіндік бермей жатыр. Шерзат қайтқан соң көптеген қоқан-лоқы болды. Бақытқа “Нұрқанатты өлтіріп кетеміз. Келесі кезекте Нұрқанат тұр” деген қорқыту болды. Нақты кім жазғанын білмейміз. Бастапқыда адвокат жалдауға ақша жинау үшін TikTok желісіне Бақыттың нөмірін шығарған едік. Содан кейін оның Whats’App-ына қорқытатын хабарлама қалдырған. Ол хабарламаның скриншотын жасап, қорғаушыларымызға жібердік. Сол кезде есімде қалғаны “Келесі кезекте Нұрқанат” деген хабарлама”, – дейді Нұрымова.