Тiktok — KazToday

Мұрат Әбенов 7 жасар қыздың жағдайынан кейін TikTok-ты шектеуге шақырды
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов TikTok желісіндегі контентті көргеннен кейін 7 жасар қыздың өзгеріп, жақындарын танымай қалған жағдайына пікір білдірді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Ол мұндай алаңдаушылықтың негізсіз емес екенін айтты: зерттеулерге сәйкес, TikTok балалардың назарын ұзағырақ ұстап тұру үшін мазасыздық пен психологиялық жарақат тудыратын видеоларды қосып көрсетеді.

АҚШ-та TikTok-ты бұған дейін шектеуге тырысқан, ал Еуропада балалардың деректерін жинауға шектеу қойылған. Әбеновтің пікірінше, Қазақстан да әлеуметтік желілерді реттеу мәселесін қарастыруы керек.

«TikTok қолданушыға әр 15 секунд сайын бір нәрсеге таңғалуға немесе қорқуға, жылауға, қатты қозуға, үрей сезімін, тіпті депрессияны бастан кешіруге мүмкіндік береді. Ғалымдардың зерттеулері TikTok-ты жиі көретін адамдардың депрессияға бейім болатынын, үлгерімі төмендейтінін, есте сақтау қабілеті нашарлайтынын, ақпараттың үлкен көлемін қабылдай алмайтынын және логикалық ойлау қабілеті әлсіз болатынын дәлелдеді», – деді депутат.

Әбенов ата-аналарға балалардың әлеуметтік желілерде өткізетін уақытын қатаң бақылап, TikTok-ты шектеуге кеңес берді.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-та «Белсенді емес уақыт» атты жаңа функция пайда болғанын хабарлаған. Бұл функция ата-аналарға балалардың қолданбаға кіру уақытын шектеуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: @ztb_qaz

7 жасар қазақстандық қыз TikTok-тағы видеоны көргеннен кейін сөйлемей қалған
Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында журналист Гүлмира Абықай жазды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Видеоны көргеннен кейін қыздың мінез-құлқы өзгерген: ол ата-анасын танымай қалған, көзқарасы мең-зең, түнде ұйықтамайды, айқайлап, қорқып қалады. Соңғы екі күнде бала мүлде сөйлемей қалған.

«Бұрын ол өте белсенді, дені сау бала болатын, ойнап, тоқтамай сөйлейтін», — деп жазады Абықай.

Қыздың жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр, отбасы көмек сұрап, түрлі амалдар іздестіруде. Баланы молдаға да апарған, бірақ әзірге оң нәтиже байқалмайды. ZTB NEWS редакциясы бұл мәселеге қатысты мамандардан пікір алды.

Психолог Артур Жұмашевтің айтуынша, стресс түрлі факторлардың әсерінен туындауы мүмкін, ал оның көріністері баланың психикалық ерекшеліктеріне байланысты. Ол видеоны көргеннен кейінгі реакция бұрыннан бар психологиялық проблемалардың сыртқа шығуына себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Балалар және отбасылық психолог Ольга Мачина да балалар көретін контентті бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз, ересектер, баланың қолына қандай контент түсетінін әрдайым біле бермейміз. Бейнежазба қаншалықты зиянсыз болып көрінгенімен, оның ішінде қорқынышты көріністер, агрессивті дыбыстар немесе күрт ауысатын кадрлар болуы мүмкін, бұл қатты стресске әкелуі ықтимал».

Тiktok-та өзгенің «абыройын төккен» әйелге жарты миллион теңге айыппұл салынды
Тiktok-та өзгенің «абыройын төккен» әйелге жарты миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Қызылордада әлеуметтік желі арқылы өзге адамға жала жауып, абыройына, ар-намысына нұқсан келтірген әйел ауқымды айыппұл арқалады.

Облыстық соттың мәліметінше, азаматша Д. Tiktok әлеуметтік желісі арқылы азаматша Т.-ны қаралап, қадір-қасиетіне қол сұғып, пікір жазып, жариялаған.

Сот отырысы барысында азамаьша Д.өз кінәсін мойындап, растаған.

«Азаматша Д. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге айыппұл салынды», — делінген хабарламада.