«Қазіргі уақытта өңірде 1000-нан астам автокөлік жолда қалып қойған. Әсіресе Қарағанды – Астана бағытында жағдай күрделі. Көктайғақтың салдарынан көлік қозғалысы қиындап, кептеліс пайда болды», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Құқық қорғау органдары Қарағанды облысынан бастап Ақмола облысына дейінгі аралықта жолда қалған көліктерге көмектесіп, оларды ілеспе көмекпен алып жүру жұмыстарын ұйымдастырды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар кейбір жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» мекемесі 15 желтоқсан күні таңертең кейбір өңірлерде жолдар ашылғанын хабарлады. Жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын қадағалап, сақтық шараларын сақтауға кеңес берілді.