2024 жылы Қазақстанда жол-көлік оқиғалары (ЖКО) саны едәуір артып, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық көбейді. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері 28374 ЖКО тіркелген, оның ішінде 1838-і өліммен аяқталған. Бұл – жалпы ЖКО-ның 6.48%-ын құрайды.
Жол апаттары бойынша өңірлердің көрсеткіші
Тіркелген апаттардың басым бөлігі Алматы қаласына (6155 ЖКО) тиесілі. Бұл елдегі барлық ЖКО-ның 22%-ын құрайды. Екінші орында Алматы облысы – 2921 оқиға (10%), үшінші орында Жамбыл облысы – 1799 (6%).
Аймақ | Барлық ЖКО | Өліммен аяқталған |
---|---|---|
Алматы қаласы | 6155 | 65 |
Алматы облысы | 2921 | 161 |
Жамбыл облысы | 1799 | 32 |
Астана қаласы | 1780 | 22 |
Шымкент қаласы | 1416 | 73 |
Түркістан облысы | 976 | 208 |
Түркістан облысы өлім-жітім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда: ЖКО-ның 21.3%-ы өліммен аяқталған. Екінші орында Жетісу облысы – 14.1%, ал үшінші орында Қызылорда облысы – 11.9%.
Дүйсенбі — жол көлік оқиғаларының ең жиі тіркелетін күні
Жол апаттары ең көп тіркелетін күн – дүйсенбі. Апта күндері бойынша көрсеткіштер:
-
Дүйсенбі: 4273 оқиға
-
Сейсенбі: 4220 оқиға
-
Жұма: 4213 оқиға
-
Сәрсенбі мен бейсенбі: 4043 және 4039 оқиға
-
Сенбі мен жексенбі: ең аз көрсеткіш – 3904 және 3682 оқиға.
Тәулік уақыты бойынша жол апаттарының 71%-ы күндіз, 20%-ы қараңғы кезде, ал 10%-ы түнгі уақыттаорын алған.
Қаза тапқандардың дені 30 жастан асқандар
Жол апатынан қаза тапқандардың жас санаттары келесідей бөлінді:
-
30-39 жас: 19%
-
40-49 жас: 18%
-
60 жас және жоғары: 17%
-
21-29 жас: 14%
-
50-59 жас: 14%
-
0-17 жас: 5%.
Апат салдарынан қаза тапқандардың басым бөлігі Алматы облысында (72 адам) және Түркістан облысында (44 адам) тіркелген.
Апаттардың негізгі себептері
Жол-көлік оқиғаларының басты себептері:
-
Тайғақ жабын: 811 оқиға
-
Жолдың тегіс еместігі: 121
-
Жолдың дағдылы еместігі мен ойымдар: 26 және 38 оқиға
-
Қауіпті аймақтарда қоршаудың болмауы: 4 оқиға
-
Жарықтандырудың жеткіліксіздігі: 71 оқиға.
Жол апатының ең көп тіркелетін ауа райы жағдайы – ашық күндер. 25272 оқиға ашық ауа райында орын алған. Ал бұлтты кезде – 1017, жаңбырлы уақытта – 883, қар жауған кезде 631 оқиға тіркелген.
2024 жылы жол-көлік оқиғаларының күрт артуы елдегі жол қауіпсіздігіне байланысты күрделі мәселелерді айғақтап отыр. Әсіресе, апаттардың көпшілігі адам өлімімен аяқталып, Түркістан, Жетісу және Қызылорда облыстары көш бастап тұр. Оқиғалардың негізгі себептері – жол сапасының төмендігі, жарықтандырудың жетіспеуі және жүргізушілердің жауапсыздығы.
Сарапшылардың пікірінше, жол инфрақұрылымын жақсарту, қауіпсіздікті күшейту және жүргізушілерге қойылатын талаптарды қатаңдату жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға мүмкіндік береді.