Алматы облысында 18 көлік бір-біріне соқтығысқан, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Бүгін Алматы-Өскемен тасжолында сұмдық жол апаты болды.
«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан аталмыш оқиға орын алған.
Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған, делінген хабарламада.
Құдай сақтап, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.