Босанған әйел ВИЧ жұқтырған, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысында босанған әйелдің ВИЧ инфекциясын жұқтыруына қатысты ақпаратқа пікір білдірді.
БАҚ мәліметінше, инфекция ауыр босанудан кейін қан құю кезінде жұққан.
Ақмарал Әлназарова бұл жағдайдың Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында екенін және тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
«Ешкім жауапқа тартылған жоқ деп айтуға болмайды», – деп мәлімдеді Ақмарал Әлназарова.