• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«МӘМС жүйесі түбі тесілген қайық». Аймағамбетов елдегі денсаулық сақтау саласын сынады

«МӘМС жүйесі түбі тесілген қайық». Аймағамбетов елдегі денсаулық сақтау саласын сынады

27.01.2025
айдар: Қоғам, Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
42
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Асхат Аймағамбетов елдегі МӘМС жүйесін сынға алды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Qaz365.kz хабарлағандай, депутат МӘМС бойынша енгізілген қаржыландыру жүйесінің өзі артық қызмет көрсету мен қосып жазуға итермелейтінін айтты.

«Өзенде жүзіп келе жатқан бір қайықты елестетсеңіздер. Қайықтың түбі тесіліп, оған су жинала береді. Су тоқтар емес, ал қайықшы бұл тесікті жамаудың орнына қолына шелекті алып, сол суды сыртқа төгумен әлек. Әрине, бұл ештеңе бермейді. Су әрі қарай жинала береді, қайық әрі қарай бата береді. Міне, дәл осындай жағдай бүгін МӘМС жүйесінде орын алып жатыр. Мәселенің негізгі себебін жоюдың орнына тек оның салдарымен ғана күрес жүріп жатыр. Жүйелі реформаның орнына уақытша шаралар, бастысы стратегиялық көзқарас жетіспейді. МӘМС-тің қазіргі моделі медицинаны халыққа қолжетімсіз етіп, шығынды көбейтіп, қаражаттың тиімсіз жұмсалуына әкеліп отыр», – дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол «МӘМС бойынша бес айлық сәбидің тісін қанқұрттан емдеген екен. Бес айында әлі тісі шықпаған баланың тісін қалай қанқұрттан емдеуге болады деп ашынды.

«Бұдан да сорақы жағдай, басқа бір адамның 82 тісі емделген екен, соған қаражат төлесін деп қорға тиісті есеп берген. Тағы бір кейс: бір күнде бір адамға бір аурухана 32 қызмет көрсеттік деп есеп толтырған. Мұндай мысалдар өте көп. Неге? Өйткені МӘМС бойынша енгізілген қаржыландыру жүйесінің өзі артық қызмет көрсету мен қосып жазуға итермелейді. Себебі қазір қаражат әр емделген жағдай үшін емес, әр қызмет үшін төленеді. Нормативтер жоқ, цифрландыру жоқ, ал клиникалық хаттамалар мен тиісті стандарттар бұлыңғыр, ашық емес», – дейді депутат.

Фото: gov.kz

Tags: Асхат АймағамбетовМӘМСсын
Алдыңғы пост

202 жұмысшы қаза болған

Келесі пост

Бензин қымбаттады, жағдайы жоқтарға мемлекет көмектесу керек — Жаңбыршин

Келесі пост
Бензин қымбаттады, жағдайы жоқтарға мемлекет көмектесу керек — Жаңбыршин

Бензин қымбаттады, жағдайы жоқтарға мемлекет көмектесу керек - Жаңбыршин

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі