Павлодар қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткі таратты деген күдікпен Көкшетауда ұсталды. Полиция мәліметінше, ол кәмелетке толмаған баласын туыстарына қалдырып, есірткі таратуды көздеген.
Күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған 50 орама мен белгісіз сұйықтық құйылған 30 құты тәркіленді. Заттар сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
