Еуропада Coca-Cola сатылымы тоқтатылуда — сусындардан хлораттың жоғары мөлшері анықталды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
BBC мәліметінше, Бельгия, Люксембург және Нидерланд дүкендерінен Coca-Cola, Sprite, Fanta, Minute Maid, Nalu және Tropico секілді газдалған сусындарды алып тастау басталды. Бұл сусындар 2024 жылдың қараша айының соңында өндірілген.
Аталған сусындардың 328G-ден 338G-ге дейінгі өндірістік кодтары бар партияларында хлораттың мөлшері жоғары екені анықталған. Хлорат – дезинфекциялау құралдарында қолданылатын химиялық зат. Өндіруші бұл жағдай тұтынушылар үшін елеулі қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.
«Тәуелсіз сарапшылардың талдауы бұл заттың мөлшері өте төмен екенін және тұтынушылар үшін аса қауіпсіз екенін көрсетті», — делінген өндірушінің мәлімдемесінде.
Алайда өндірушімен байланысы жоқ мамандар хлораттың жоғары концентрациясы денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін екенін ескертеді.
Бұл зат әсіресе балалар мен нәрестелердің қалқанша безіне зиян келтіруі ықтимал.