• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Қазақстанда жоқ секілдіміз»: Қарасай ауданының тұрғындары өз ауылын заңдастыруды талап етуде

«Қазақстанда жоқ секілдіміз»: Қарасай ауданының тұрғындары өз ауылын заңдастыруды талап етуде

30.01.2025
айдар: Қоғам, Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
10
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Алматы облысында Жамбыл мен Батан ауылдарының арасында ресми түрде жоқ елді мекен бар. Ол карталарда белгіленбеген, GPS жүйесінде тіркелмеген, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бұл жердің тұрғын үйлері ешқандай деректер базасында жоқ. Сол себепті такси, жедел жәрдем және төтенше жағдай қызметтері оларды таба алмайды – өйткені ресми мекенжайлары жоқ, деп хабарлайды Almaty TV.

Атаусыз елді мекенде шамамен 300 адам тұрады. Онда көшелер жоқ, жолдар мен орталық коммуникациялар тартылмаған. Тұрғындар бұл елді мекенді 15 жылдан бері заңдастыруға тырысып келеді, алайда еш нәтиже шықпаған.

– «Біз тұрақты тіркеуге тұра алмаймыз. Біздің еш жерде тіркелмегеніміз соншалық, Қазақстанда жоқ секілдіміз. Жер телімдерін жарнама арқылы сатып алғанбыз. Бұл – Қарасай ауданы. Бізде мемлекеттік актілер бар. Барлық құжаттарды өзіміз заңдастырдық. Барлық салықтарды да адал төлеп отырмыз», – дейді осы жерден 14 жыл бұрын жер сатып алған әйел.

Тұрғындар Қарасай ауданы әкімдігіне және облыстық сәулет және қала құрылысы департаментіне бірнеше рет жүгінген. Олар елді мекенге ресми атау беруді сұраған. Алайда шенеуніктер мұны тек халық саны 5000 адамға жеткенде ғана жасауға болатынын айтқан.

– «Бізге оның керегі жоқ. Тек көшелердің атауын берсе болды. Бұл жерде бар болғаны 60 үй ғана», – дейді тұрғындар.

Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі бұл тұрғын массивін жақын маңдағы ауылға қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алайда қашан ресми мәртебе берілетіні белгісіз.

– «Қазір кезең-кезеңімен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елді мекеннің шекаралық сызбалары дайындалып, бас жоспар әзірленеді. Кейін барлық схемалар жинақталып, Алматы облысының сәулет басқармасына бюджет өтінімі беріледі. Олар тендер жариялағаннан кейін жобалық ұйымдар анықталады. Солар бас жоспарды жасайды», – деп түсіндірді бөлім маманы Дармен Жапаров.

Құқықтық мәселеден бөлек, жергілікті халықты мектепке баратын қалыпты жолдың жоқтығы алаңдатады. Өйткені мектеп өзеннің арғы бетінде орналасқан, ал оған жетудің жалғыз жолы – құбырдың үстімен жүру.

Ресми мәртебесі жоқ елді мекеннің тұрғындары қарапайым тұрмысқа қажетті жағдайлардан да қағылып отыр.

Tags: атаусыз ауылҚарасай ауданы
Алдыңғы пост

Атырауда ескерткіш құлап қайтыс болған қыздың әкесі кінәлілердің жазалануын талап етті

Келесі пост

«Бала түгіл өзіміз шығуға қорқамыз»: Қызылордада қаңғыбас иттер көбейіп кетті

Келесі пост
«Бала түгіл өзіміз шығуға қорқамыз»: Қызылордада қаңғыбас иттер көбейіп кетті

«Бала түгіл өзіміз шығуға қорқамыз»: Қызылордада қаңғыбас иттер көбейіп кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі