Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Алматы облысында туристерді тасымалдаған автобус жол-көлік оқиғасына тап болды. Жарақат алған 25 жолаушы аудандық ауруханаларға жеткізілді. Автобуста барлығы 37 адам болған.
«Алматы облысы Кеген аудандық ауруханасына 11:35-те жол апатынан зардап шеккен 5 адам жеткізілді, Жалаңаш дәрігерлік амбулаториясына – 16 адам, Шелек аудандық ауруханасына – 4 адам түсті. Барлық пациенттер әртүрлі жарақат алған. 4 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», – деп хабарлады өңір әкімдігі.