• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 3 августа, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген: сот 9 адамға үкім шығарды

Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген: сот 9 адамға үкім шығарды

03.04.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
76
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қызылордада 16 жастағы мектеп оқушысын сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Осы оқиға бойынша бүгін сот үкім шығарды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандарға қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы (ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқытып алушылық), 110-бабы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау), 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша қылмыстық істі қарады.

Сот жабық өткізілді.

Сот судьясы Сәбит Рүстемовтің сөзінше, сотталушылардың кінәсі толықтай дәлелденген.

Оқиға орны, заттар мен құжаттарды қарау хаттамалары, бейнежазбалар, WhatsApp арқылы хат-хабарлар, карточкалық шоттардың банктік үзінділері, сараптама нәтижелері, сондай-ақ жәбірленушінің жауабы негізге алынған.

Прокурор сотталушылар М.Н., А.Ж., Қ.Д.-ны кінәлі деп тауып, оларды 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, Б.А.-ны 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды; Т.Ұ., Қ.А.-ны 4  жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, Т.А., Б.А. и Т.Д.-ны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған.

— Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде М.Н., А.Ж., Қ.Д., Б.А.-ның кәмелет жасына толмағандарын, сонымен бірге сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А.-ның жасаған істеріне шын жүректен өкінетінін көрді. Айыптау актісіне сәйкес сотпен ауырлататын мән-жайлар анықтаған жоқ. ҚК-нің 55-бабына сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар бар және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-нің бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен аспауы тиіс. Сот үкімімен кәмелетке толмағандар М.Н., А.Ж., Қ.Д. ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі, 1), 2)-тармақтары, ҚК-нің 194-бабы 3-тармағы 2)-тармақшасы, ҚК-нің 110-бабы 2-тармағы 1)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша оларға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды. Сотталушы Б.А. ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігін 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар Т.Ұ. және Қ.А. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 194-бабы, 2-бөлігі 1), 2)-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, оларға 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар Т.А., Б.А. және Т.Д. ҚК-нің 134-бабы 3-бөлігі 1)-тармағы және ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша олардың әрқайсысына 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, — деді судья Сәбит Рүстемов.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост

Сирияда болған қазақстандық әйел желіде терроризмді насихаттаған

Келесі пост

«Балға ұстаған маньяк»: Жамбыл облысының полициясы кісі өлтіруге күдікті адамды ұстады

Келесі пост
«Балға ұстаған маньяк»: Жамбыл облысының полициясы кісі өлтіруге күдікті адамды ұстады

"Балға ұстаған маньяк": Жамбыл облысының полициясы кісі өлтіруге күдікті адамды ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
  • Теміржолшылар құрметке бөленді
  • Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты
  • Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды
  • Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Теміржолшылар құрметке бөленді

Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі