• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 21 августа, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Сарбаздар аш жүр: депутат әскерилерге арналған тамақ құнын шұғыл көтеруді талап етті

Сарбаздар аш жүр: депутат әскерилерге арналған тамақ құнын шұғыл көтеруді талап етті

03.04.2025
айдар: Қоғам, Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
14
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Мәжілісте Қазақстан әскери қызметшілерінің дұрыс тамақтанбайтыны айтылды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Бұған себеп – сарбаздардың ас пайының құнын есептейтін ескі әдістеменің қолданылып келуі.

Бұл әдістеме соңғы рет екі жыл бұрын жаңартылған — 1713 теңгеден 2250 теңгеге дейін көтерілген. Алайда, депутат Айгүл Құспанның айтуынша, бұл әдістеме қазіргі таңда мүлде қолданылмайды. Егер осы әдістеменің өзін қолданса, бір сарбазға күнделікті берілетін ас пайының нақты құны шамамен 3150 теңге болуға тиіс.

Нормативке сәйкес, сарбаздар күн сайын ет, көкөніс, жеміс-жидек секілді 48 түрлі азық-түлік өнімін алуы қажет. Алайда бюджеттік шектеулерге байланысты жеткізушілер табиғи өнімдерді арзан баламаларымен алмастыруда.

«Сычужный сырды – ірімшік өніммен, сүтті – сүт қосылған өніммен, ал сары майды – бірнеше есе арзан спредпен алмастыруда», — деді депутат.

Бұл жағдай әскери қызметшілердің денсаулығына тікелей әсер етуде. 2024 жылы 30 тоннадан астам азық-түлік жеткізушілерге кері қайтарылған. Сонымен қатар келісімшарт талаптарының бұзылуы 46 пайызға жиілеген.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылы ас пайының құнын көтеру үшін қосымша 10,2 млрд теңге қажет. Қорғаныс министрлігі бұл соманың 7,5 млрд теңгесін өз лимиттерінен жаба алатын көрінеді.

Сондай-ақ Құспан инфляцияны ескере отырып, ас пайының құнын автоматты түрде түзету механизмін енгізуді және тамақ сапасына бақылауды күшейтуді ұсынды.

«Маңыздысы – шығынды арттыру ғана емес, сол бөлінген қаражаттың толық көлемде сарбаздарға жетуін қамтамасыз ету. Әскердегі тамақтануды ұйымдастыруға бақылау ашық болуы керек. Бұл үшін „Аналар жүрегі“ сарбаз аналары кеңесі секілді қоғамдық ұйымдарды тарту және автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу қажет», — деді ол.

Ал сарбаздар аш қалып, улануда деген мәселеге байланысты кім жауапқа тартылады – бұл жағы белгісіз. Себебі бұған дейін әскери қызметшілердің өз-өзіне қол жұмсауы секілді оқиғалар үшін Қорғаныс министрінің орынбасары тек ескерту алғаны белгілі.

Дереккөз: ORDA

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі.

Tags: депутатСарбаздар
Алдыңғы пост

Байқоңыр ғарыш айлағында төрт шетелдік азамат ұсталды

Келесі пост

Кептелісте билеген жігіттерді полиция тексеріп жатыр

Келесі пост
Кептелісте билеген жігіттерді полиция тексеріп жатыр

Кептелісте билеген жігіттерді полиция тексеріп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда
  • Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!
  • 11 миллион 950 мың: Жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан
  • Қазалылық ақын Ақжол Түменбай республикалық байқаудың бас жүлдесін иеленді
  • Абай — дана, Абай — дара қазақта

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда

Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары!

11 миллион 950 мың: Жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан

Қазалылық ақын Ақжол Түменбай республикалық байқаудың бас жүлдесін иеленді

Абай — дана, Абай — дара қазақта

Қызылордада «TikTok» арқылы терроризмді насихаттаған әйел ұсталды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі