• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 3 августа, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
230 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды

230 млн теңге көлемінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды

07.04.2025
айдар: Қоғам, Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
9
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының хабарлауынша, аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматшасы Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, деп хабарлайды  kaztoday.kz. 

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматшасын экстрадициялады», – делінген ресми хабарламада.

КазТАГ мәліметі бойынша, 2023 жылғы маусым айында күдікті алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен бірге Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттер атынан олардың банк шоттарына байланған телефон нөмірлерін ауыстыру туралы жалған өтініштер жолдаған. Осылайша, олар аталған шоттарға қол жеткізген.

Одан кейін қашықтан қол жеткізу арқылы бес жәбірленушінің шоттарынан «дропперлердің» (яғни, үшінші тұлғалардың) есепшоттарына ақша аударып, қаражатты иемденген.

Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам зиян келтірілген.

Ол биылғы қаңтар айында Бішкек қаласының әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұранысы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Фото дереккөзі: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Tags: Алаяқтыққылмыс
Алдыңғы пост

«Қалаларды да су басып жатыр»: Ақмола облысында ауыл тасқыннан көлік қатынасынсыз қалды

Келесі пост

Қатты жел мешіт күмбезіне зиян келтірді ВИДЕО

Келесі пост
Қатты жел мешіт күмбезіне зиян келтірді ВИДЕО

Қатты жел мешіт күмбезіне зиян келтірді ВИДЕО

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты
  • Қазалы жол дистанциясына 120 жыл
  • Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды
  • Мәдени-демалыс кешені ашылды
  • Қазалыда жол құрылысы жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты

Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды

Мәдени-демалыс кешені ашылды

Қазалыда жол құрылысы жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді

Қазалыда халық тұрмысын жақсартатын ауқымды жобалар іске асуда

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі