• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Әлем
«Бір апта уақыт берілді»: Сауд Арабиясы Қазақстанды жазалауға дайындала бастады

«Бір апта уақыт берілді»: Сауд Арабиясы Қазақстанды жазалауға дайындала бастады

07.04.2025
айдар: Әлем, Саясат, Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
24
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

ОПЕК+ мұнай бағасының арзандап, квоталық шектеулер бойынша келісімнің сақталмағанына Қазақстанды кінәлі деп тапты, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Бізге бір апта уақыт беріліп отыр. 15 сәуір күні жаңа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов квоталық шектеулерден асып кеткен көлем бойынша компенсациялық график ұсынуы тиіс.

Бір қызығы біздің мұнай өндірісін қалай шектейтініміз белгісіз. Себебі, Қазақстанның ең ірі мұнай өндірушісі «Теңізшевройл» АҚШ алпауыты Chevron корпорациясына қарайды. ТШО мұнай өндірісін ұлғайту үшін Теңіз кешеніне қомақты инвестиция салып, былтырдан бастап жоба аясында көбірек мұнай шығара бастады. Енді оны шектеу технологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себепті ТШО бұған дейін Энергетика министрі болған Алмасадам Сатқалиевтің өндірісті шектеу бойынша талаптарын орындаудан бас тартқан еді.

Қазақстан ОПЕК+ отырыстарында белгіленген квоталармен келісіп, «иә» деп бас шұлғып, ешкіммен дауласпай тыныш жүрсе де, іс жүзінде өндірісті шектеу көрсеткішін мүлде орындамады. ОПЕК+ министрлер комитетінің мониторингі өткізетін соңғы отырыста аталған факт бойынша баяндама жасалғанда ұйым төрағасы, Сауд Арабиясының мұнай министрі Абдель Азиз бин Салман өз ашуын жасыра алмаған.

«Сатқалиевтің Атом энергетикасы бойынша агенттікке сұранып, ауысып кеткені содан. Шеврон өндірісті қысқарту бойынша Сатқалиев ұсыныстарын құлағына да қыстырған жоқ, ал ОПЕК отырыстарында осы үшін қайта-қайта сөз ести беруге намыстанып кетті. Енді жаңа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің жүйкесі жұқаратын болады. Арабтар дауысын жуандатып, Қазақстанға зілді дауыспен сөйлей бастамақ», — дейді, DALA INSIDE дереккөзі.

ОПЕК+ квотасына сәйкес Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,468 миллион баррельден аспауы керек. Қазақстан бұл шектеуді сақтамай келеді. Мысалы, биыл наурыз айында еліміз тәулігіне 2,17 миллион баррель мұнай өндірді. ОПЕК+ бізден 2024 жылдың басынан бері артық өндіріліп қойылған мұнай көлемін енді қалай өтейтінімізді білгісі келеді. Ол үшін Қазақстан бірнеше ай бойы тәулігіне 1 миллион баррель шамасында ғана мұнай шығаруы тиіс. Демек кеніштерден жоғарғы қысыммен атқылап жатқан мұнайды тоқтату қажет. Ал оның салдары біз үшін ауыр болары сөзсіз.

Еліміз картельмен тәжікелескісі келмейді. Есікті тарс жауып шығып кететіндей қуатымыз да жоқ. Және АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған әлемдік сауда соғысының салдарынан мұнай бағасы күрт арзандап, бүгін Brent барреліне берілетін фьючерстер 64 долларға дейін құлдырады.

Бұл жағдайда ОПЕК+ квоталарды одан сайын қыса бастауы да ғажап емес. Ондай сценарий орын алса, қазіргі шектеулерді сақтай алмай отырған Қазақстан мүлде ауыр жағдайда қалады.

Фото: Курсив

Tags: МұнайСауд Арабиясы
Алдыңғы пост

Дәрігерлер жарты жылы бар деді: актер Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатыр

Келесі пост

Военкомат қызметкерлері жігітті көшеден күштеп алып кетті ВИДЕО

Келесі пост
Военкомат қызметкерлері жігітті көшеден күштеп алып кетті ВИДЕО

Военкомат қызметкерлері жігітті көшеден күштеп алып кетті ВИДЕО

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі