Өскеменде қатты жел мешіт күмбезіне зиян келтірген, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Әлеуметтік желіде видеосы да тарады.
Оны қалпына келтіруге демеушілер мен кәсіпкерлер көмектесетін болды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі табиғи құбылыстан бірнеше қала зардап шеккенін мәлімдеді.
Ең көп зардап Риддер қаласына тиген.
Алдын ала деректерге сәйкес қалада электр желісі зақымдалып, 1 237 тұрғын жарықсыз қалған.
Видео: uka_city
Дереккөз: @sputnik_aitady