• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 4 августа, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Алаяқтық бабы бойынша»: Балғынбек Имашевтың ұлы тергеліп жатыр

«Алаяқтық бабы бойынша»: Балғынбек Имашевтың ұлы тергеліп жатыр

09.04.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
38
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Алматыда айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың ұлы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп. Данияр Имашев соларға жолдама сатқан «Qazaq travel» компаниясының атқарушы директоры деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бүгін таңда қасиетті мекенге ұшуы тиіс болған туристер қазір Әуезов аудандық полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі, «Qazaq travel» компаниясы 1 күн қалғанда олардың ешқайда ұшпайтынын мәлімдепті.

Тоғызы күні ұшатын рейсімізде ешқандай адам ұшқан жоқ. Бір халыққа шығып, үндеу айтқан жоқ. Билеттің бағасы өсіп кетті ау, басқа да жағдай болып қалды ау деген үндеу болған жоқ. Бізге ешқандай дәлел көрсетіп тұрған жоқ. Билет, қонақүй төленді дегенді әлі көрсеткен жоқ, — деді Медина Жарылғапова есімді «Qazaq travel» компаниясының клиенті.

Қазір компанияның кеңсесі жабық тұр. Ал, Мәдина мен Меккеге ұша алмаған 50-ге тарта адам полицияға шағым түсірген. Сөйтіп, полицейлер алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғапты. Күдікті ретінде үш адам танылған. Олардың қатарында компанияның атқарушы директоры Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұраған тілшілерге ол бүгін үн қатпады.

Есесіне, туындаған қиындықтың себебін болашақ қажыларға оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады. Әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.

Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақтың бағасы қымбат болып жатыр. Қонақүйдің бағасы қымбат болып жатыр. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, сіздердің қызметтеріңізде болуға талпынып жатыр, — депті айтыскер ақын Балғынбек Имашев.

Ал, Умраға ұша алмағандар бұған сенбейді. Олар төленген қаражатты қайтаруды талап етеді. Әрі «Qazaq travel-ге» өзге мұсылмандар алданбаса дейді.

Tags: АлаяқтықБалғынбек Имашев
Алдыңғы пост

«Асылып тұрған»: Полиция қайғылы оқиғаның алдын алды ВИДЕО

Келесі пост

Депутаттың ұлы 22 жылға сотталды

Келесі пост
Депутаттың ұлы 22 жылға сотталды

Депутаттың ұлы 22 жылға сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
  • Теміржолшылар құрметке бөленді
  • Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты
  • Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды
  • Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Теміржолшылар құрметке бөленді

Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі