• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот басталады

10.04.2025
айдар: Қылмыс, Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
7
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Талдықорған қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді, деп хабарлайды kaztoday.kz.

«Адырна» ұлттық порталы мәліметінше, бұл іс бойынша Алматы облысының соты жауапты болғанымен, сот процесі Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында ұйымдастырылып отыр. Жоғарғы сот мұны айыпталушылардың Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырғанымен байланыстырды.

Сот отырысы түскі сағат 12:00-де басталады. Іс ашық форматта қаралады. Судья Е.С. Жанұзақов төрағалық етеді.

Іске байланысты тоғыз адам айыпталушы ретінде танылып отыр. Тергеу барысында барлығы 11 күдікті ұсталған, алайда олардың екеуі куәгер ретінде босатылған. Қылмыстық іс «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қорқыту» және «Қылмыс туралы хабар бермеу» баптары бойынша қаралуда.

Алматы облысының полициясы тергеген іс 62 томнан тұрады. Ішінде 40 сот сараптамасы, 200-ге жуық куәгердің жауабы және сегіз видеоматериал бар.

Жәбірленуші тарапты адвокат Мейірман Шекеевтің кеңсесі қорғайды. Қорғаушылар қатарында Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ыбраев, Бағдат Амандосұлы және Бекзат Мязов бар.

Еске салсақ, Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар қаласында «Қамажай» дүкенінің алдында қарулы қақтығыс кезінде пышақталып, көз жұмды. Қайғылы оқиға жасөспірімнің ата-анасының көз алдында болған.

Осы оқиғадан кейін, 7 қазанда марқұмның туыстары аудан әкімдігінің алдына жиналып, тергеудің әділ өтуін талап етті. Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды.

Tags: сотШерзат
Алдыңғы пост

«Манипуляцияға жол беруге болмайды»: Депутат Magnum-дағы жағдайға пікір білдірді

Келесі пост

Бұрынғы қалалық сот төрағасы 9 жылға сотталды

Келесі пост
Бұрынғы қалалық сот төрағасы 9 жылға сотталды

Бұрынғы қалалық сот төрағасы 9 жылға сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі