Ақтөбелік жасөспірімдер хайп қуамыз деп полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Олар әлеуметтік желіге қару ұстап түскен суреттерін жүктеген.
Ал полицейлерге бұл әрекетін «контент үшін» деп түсіндірген.
Облыстық полиция мәліметінше, бесеуі – студент, ал біреуі – жоғары сынып оқушысы.
Жасөспірімдердің бірінен газды тапанша тәркіленді.
Олар профилактикалық есепке алынды.
Дереккөз: @sputnik_aitady