• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
«Дәрігерлерді кінәлап отыр»: Ұлытауда көпбалалы ана қайтыс болды

«Дәрігерлерді кінәлап отыр»: Ұлытауда көпбалалы ана қайтыс болды

16.05.2025
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
11
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Ұлытауда көпбалалы ана дәрігерлер анестезия салғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Марқұмның туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Сондай-ақ осы ауруханада ақ халаттылардың науқастарға салғырт қарауының салдарынан бірнеше рет адам өлімі болғанын айтып дабыл қақты.

КТК мәліметінше, 42 жастағы Гүлнұр Жұанышбаеваға аппендицитті алып тастау операциясы жасалуы керек болған. Алайда әйелге  анестезия енгізілгеннен кейін анафилактикалық шок, артынша кома және ми ісінуі пайда болған. Ота жасамас бұрын пациенттің қант деңгейінің жоғары екені және қабыну процесі бары анықталған. Бірақ туыстарының сөзінше, оған аллергияға сынама да жасалмаған. Сонымен қатар, дәрігерлер әйелді толық тексермей, наркоз енгізгенін айтып отыр.

— Операцияға дейін 4-5 сағат уақыт болды, ол ес-түсінде еді, оны Қарағандыға алып баруға болар еді. Біздің ауруханада ондай мүмкіндік жоқ. КЩС-картридждері жоқ, КТ-аппараты істемейді, натрий хлориді, кальций хлориді секілді қарапайым шығын материалдары да жоқ. Мұның бәрін өздері құжаттарында көрсеткен. Аудандық орталық ауруханада осындай жағдай қалай болуы мүмкін?! Бұл — немқұрайдылық, — дейді марқұмның ағасы Мәқсат Қасқатаев.

Гүлнұрдың артында күйеуі мен төрт бала қалды, кенжесі үш жаста. Қазіргі уақытта марқұмның жақындары сараптамалар жасату үшін құжат жинап жатыр. Кінәлілер жазасын алуы тиіс дейді олар.

Аудандық аурухананың жұмысына қатысты тұрғындар пікір білдірді.

— Дәл бір жыл бұрын менің ұлым да осы ауруханада аппендицитті алып тастаған соң көз жұмды. Бұл қандай аурухана, қарапайым нәрсені де емдей алмай ма?! Біз бұған дейін де сан мәрте жүгіндік, облыстық денсаулық сақтау басқармасына, министрлікке хат жаздық. Оларға бәрібір. Мына адамның әйелі өлді, баласы диагнозбен туды. Тағы не болуы керек, бұл былықты көру үшін? — дейді ауыл тұрғыны Меруерт Тамабекова.

Улытау облысы денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайдан хабардар екенін айтты.

— Біз жаңа, жас директор алып келдік. Болашақта мұндай оқиғалар бұл клиникада қайталанбайды деп үміттенеміз. Денсаулық сақтау басқармасы клиниканы ретке келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Қазір кадр мәселесімен айналысып жатырмыз. Екі ай ішінде аурухананы мамандармен толықтыруға тырысамыз, — деді Улытау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсембаев.

Көпбалалы ана Гүлнұр Жұанышбаева қайтыс болғаннан кейін аурухана директоры, оның орынбасары, хирург және анестезиолог жұмыстан шеттетілді.

Ал марқұмның туыстары дәрігерлерді сотқа бермек.

Алдыңғы пост

Педофильдерді өмір бойы бақылауда ұстау ұсынылды

Келесі пост

Асырап алған баласын оқтаумен сабаған

Келесі пост
Асырап алған баласын оқтаумен сабаған

Асырап алған баласын оқтаумен сабаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі