• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 26 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Омикрон індеті: Вакцина егу қайта басталуы мүмкін

Омикрон індеті: Вакцина егу қайта басталуы мүмкін

22.05.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
10
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бес жыл бұрын жаһан жұртын дүрліктірген «Омикрон» Азияда қайта өрши бастады, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Әсіресе Гонконг пен Сингапурде. Қазірдің өзінде 14 мыңнан астам адамнан «LP.8.1» деп аталатын вирустың жаңа түрі табылған. Енді пандемияның жаңа толқыны әлемді алаңдатып отыр. Эпидахуал өрши түссе, вакцина егу қайта басталуы мүмкін, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

Гонконг пен Сингапур, Қытай мен Таиландатағы жағдай алаңдатарлық. Гонконг дәрігерлері «Омикрон» індетінің жаңа толқыны басталғанын растады. Осы айдың өзінде 30-дан аса адам көз жұмған. Сингапурде де ай басынан бері 14 мыңнан аса адам вирус жұқтырыпты. Күніне 130-ға жуық науқас ауруханаға түсіп жатыр. Басым бөлігі 65 жастан асқандар. Отандық дәрігерлер жаңа штамның белгілерін атады.

«COVID-тің жаңа штамы біртіндеп таралып жатыр. Бұл — «Омикронның» мутацияларының бірі. Негізінде бұл штамм қазіргі уақытта алаңдаушылық тудырмайды. Иә, шағын толқын бар. Бұл вирустың белоктарында мутацияның пайда болуымен байланысты. Оның белгілі бір ерекшеліктері бар. Ол алдыңғыларға қарағанда тамақтың ауыруын, мұрынның бітелуін, түшкіруді және аздап құрғақ жөтел тудырады», — дейді медицина ғылымдарының докторы Дмитрий Еделев.

Сондай-ақ әлсіздік пайда болып, дене сырқырайды. Бірнеше күннен кейін вирус күшейіп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріледі екен. Жыл басынан бері елімізде 329 жағдай тіркелген, қайтыс болғандар жоқ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз. Елдегі эпиджағдай жіті бақылауда, сондықтан алаңдауға негіз жоқ деп отыр жауапты органдар.

«Омикрон» штамы пандемия кезіндегідей қауқарлы емес. Сырқат жеңіл түрде өтеді. Адамзатқа қауіп төндіріп жатқан жоқ. Жалпы біздің елімізде жағдай тұрақты. Сол үшін алаңдап, аурудың үлкен бір толқыны келе жатыр, байқаңыздар деп, дүрбелеңге салдыратындай емес», — дейді Қазақстан ДСМ Санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ковид-19 пандемиясын ресми жарияғалы бес жыл өтті. Осы уақыт ішінде әлемде 700 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 7 миллионы көз жұмған екен. Бұл адамзат тарихындағы ең қатерлі індеттердің біріне айналды. Бұрын‑соңды болмаған шектеу шаралары қабылданып, халық бірнеше уақыт міндетті карантинде болған еді. Сол себепті көпшіліктің алаңдауы — заңдылық.

Дереккөз: «КТК» арнасы

Tags: вакцинацияОмикрон
Алдыңғы пост

«Тең жартысы жұмыссыз»: Депутат жұмыссыздар санын қайта тексеруді ұсынды

Келесі пост

Түркістан облысында Тянь-Шань қоңыр аюы байқалды (видео)

Келесі пост
Түркістан облысында Тянь-Шань қоңыр аюы байқалды (видео)

Түркістан облысында Тянь-Шань қоңыр аюы байқалды (видео)

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалы жаңғыру жолында
  • Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті
  • Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда
  • Көпір құрылысы қайта жанданды
  • Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қазалы жаңғыру жолында

Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті

Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда

Көпір құрылысы қайта жанданды

Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Қазалыда елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі