2026 жылдан бастап барлық жолдар ақылы болады, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Көлік министрі Марат Қарабаев 2026 жылдан бастап Қазақстан жолдарды бюджет есебінен ұстаудан толықтай бас тартатынын мәлімдеді. Қаржыландыру тек ақылы жолдар арқылы жүзеге асады.
«Бюджет – бұл салық төлеушілердің ақшасы. Біз бұл қаражатты босатуымыз керек», – деді министр.
Астана – Алматы тасжолы дайын, көлік қозғалысы ашылды. Алайда, министр Қарабаевтың айтуынша, жол бойындағы сервис әлі де ақсап тұр – дәретхана да, қол жуатын орын да жоқ.
Шетелдік көліктер үшін жағдай бірдей болады — әйтпесе, басқа елдер қатаң қарсы шаралар қабылдауы мүмкін.
Министрдің айтуынша, көрші елдерде жол жүру ақысы жоғары, сондықтан мұндай «жауап шаралары» бізге тиімсіз.