Шымкентте психикалық орталық қызметкерлері науқастарды зорлаған, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралып, екі айыпталушы 15 жылға сотталды.
Сот материалына сәйкес екі сотталушы былтыр шілде айының ортасында орталықта ем алып жатқан екі науқастың дәрменсіз күйін пайдаланып, еркінен тыс бірнеше рет зорлаған.
Науқастың бірі – сол кезде кәмелет жасына толмаған.
Сот сотталушының бірінде 2 бала, екіншісінде 6 бала барын ескерді.
Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына 10 млн теңгеден моральдық зиян өндірілмек.
Дереккөз: @sputnik_aitady