Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жарияланды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына байланысты көптен күткен рақымшылық беру мақұлданды. Мәжіліс бұл бастаманы қолдап отыр.
Бостандыққа шығатындар — ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағандар. Бірақ маңызды шарты: залал өтелген болуы немесе мүлде залал келтірілмеуі тиіс.
Ал қоғамға қауіпті қылмыскерлерге, зорлық-зомбылық көрсеткендерге, жемқорларға және есірткі таратушыларға бұл рақымшылық жүрмейді. Олар темір тордың арғы жағында қала бермек.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 632 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін. Тағы 3,5 мың адам пробация бақылауынан босатылады.
Енді заң жобасы Сенат қарауына өтеді. Соңғы шешім – Президенттің қолында.