• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 26 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады

Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады

26.06.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
4
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бүгін Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанның қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мәліметінше, «Заң қылмыстық процеске барлық қатысушылардың мүдделерін сақтауды ескере отырып әзірленді. Онда азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процестің бәсекелестігін нығайту, қылмыстық процесті оңтайландыру және «бюрократиядан арылту» мәселелері теңгерімді түрде пысықталды», – делінген ресми хабарламада.

Заңда:

— Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қылмыстық кодекске жеке адамға қарсы аса қауіпті және ауыр қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту бойынша бірқатар түзету енгізілді;

— өмір бойына бас бостандығынан айыру қолданылмайтын адамдар санаттарын кеңейту. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 46-бабы, егер баптың санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа жазаның өзге түрі көзделмесе, онда он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады, ал әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге жиырма жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды тағайындайтын нормамен толықтырылады;

— некеге тұруға мәжбүрлегені үшін, сондай-ақ «дропперлік» (алаяқтарға кибер-алаяқтықты жүзеге асыру мақсатында жалған төлем дроп-карталарын ұсыну) үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді;

— шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылуы мүмкін адамдардың тізбесі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдармен толықтырылды;

— ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар бойынша соттылықты өтеу мерзімі тиісінше 8 және 10 жылға дейін ұзартылды (бұрын жалпы тәртіппен соттылық сәйкесінше 6 және 8 жылдан кейін өтелетін);

— Қылмыстық кодекске сталкинг, яғни адамды оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспайтын, елеулі зиян келтіруге әкеп соққан байланыс орнатуға және оның ізіне түсуге бағытталған іс-әрекеттерде көрініс табатын, адамды заңсыз қудалағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін жаңа 115-1-бап енгізілді;

— шегілмейтін темекі бұйымдарын және вейптерді сату және тарату мақсатында сақтағаны, жөнелткені, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленді;

— Қылмыстық кодекске әуе кемесін басқаруға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін жеке 352-1-бап енгізілді;

— топтасып жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылыққа қатысты нақтылаушы түзетулер қабылданды.

Жаңа заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Алдыңғы пост

Ішкі істер министрлігі блогерлерге ескерту жасады

Келесі пост

СҚО-да кәсіпорын аумағында жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Келесі пост
СҚО-да кәсіпорын аумағында жарылыс болды, зардап шеккендер бар

СҚО-да кәсіпорын аумағында жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • СҚО-да кәсіпорын аумағында жарылыс болды, зардап шеккендер бар
  • Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады
  • Ішкі істер министрлігі блогерлерге ескерту жасады
  • Экология министрлігі 800 мың киікті атуға шешім қабылдады
  • Журналистерді «жынға» теңеген Жұманғарин сынға қалды

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да кәсіпорын аумағында жарылыс болды, зардап шеккендер бар

Сенат сталкинг, мәжбүрлі неке және дропперлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңды мақұлдады

Ішкі істер министрлігі блогерлерге ескерту жасады

Экология министрлігі 800 мың киікті атуға шешім қабылдады

Журналистерді «жынға» теңеген Жұманғарин сынға қалды

Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі