• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Понедельник, 30 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Арал ауданындағы Ақбасты елдімекеніне ауыз су жеткізілді

Арал ауданындағы Ақбасты елдімекеніне ауыз су жеткізілді

27.06.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Арал ауданындағы Ақбасты елдімекеніне ауыз су жеткізілді, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданына қарасты Ақбасты елді мекеніне ауыз су қосу рәсімі өтті. Басқосуға Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы тұрғындардың өмір сапасын арттыруда атқарылған жұмыстарға тоқталып, құттықтауын жеткізді.
«Бүгін — аралдық ағайын үшін айтулы күн. Ақбасты ауылына таза ауыз су қосамыз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкімет пен облыс әкімдеріне мемлекет тарапынан жасалған барлық қолдауды тиімді пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыру, тұрмыс-тіршілігін жақсарту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Өткен жылдың қорытындысымен облыс халқының 98,6 пайызына орталықтандырылған ауыз су қосылды. Биыл 9 елді мекенге ауыз су тартып, облыс тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етеміз. Оның ішінде, Арал ауданындағы Ақбасты, Абай, Тоқабай, Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендеріне 12 млрд 700 млн. теңге бөлінді.
Бүгін өздеріңізбен бірге Ақбасты ауылының тұрғындарына ауыз су қосу рәсімінде бас қостық. Жоба құны 3 млрд. 100 млн. теңге. Бұған дейін тұрғындар ауыз суды жерасты құдығынан тасымалдап, тұтынып келді. Енді сол қиыншылықтардың барлығы артта қалды. Президентіміздің қолдауымен ауыз су әрбір тұрғын үйге жеткізілді.
Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауыз судың қосылуымен құттықтаймын!», — деді Н. Нәлібаев.
Рәсімде Нұржан Нұржігітов пен Берік Әбдіғалиұлы көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтап, қоғам қайраткері, Имамадин Оңғарбаев батасын берді. Ауданның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен ауыз су тарту жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, Арал ауданында барлық саланың даму қарқыны жыл сайын артып келеді. Екі жыл бұрын аудан бюджеті 10,1 млрд теңге болса, бүгінде 22 млрд теңгеден асты. Соңғы үш жылда 80 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды.
Аудан халқының 71 пайызы «көгілдір отынның» игілігін көруде. Аралдың Сыр беткейіндегі елді мекендерді газдандыру үшін Қамыстыбас елді мекенінен автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы басталды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 10 мектептің 2-уі Арал ауданында салынды. Жаңа оқу жылында Сексеуіл кентіндегі «Жайлы мектеп» пайдалануға беріледі.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 3 амбулатория іске қосылды. Аталған жоба аясында Арал көпбейінді аудандық ауруханасының қосымша ғимараты мен жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы басталды. Облыстық бюджет қаржысына Сексеуіл кентінен 40 төсектік аурухана салынып, емделушілерге қызмет көрсетуде.
Өткен айда аралдықтар көптен күткен аспалы көпір ел игілігіне табысталды.
Елді мекенді ауыз суға қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы тұрғындармен кездесті. Әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысы туралы айтып, ой-пікірлерді тыңдады.
Алдыңғы пост

Оқиға орнында көз жұмды

Келесі пост

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысымен танысты

Келесі пост
Денсаулық сақтау нысандарының құрылысымен танысты

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Елімізде 25 мың қызметкердің жалақысы өседі
  • Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
  • Енді банктер қазақстандықтардың шоттары туралы деректі беруді бастайды
  • Қостанайда түзету балабақшасының қызметкерлері балаларды ұрып-соққан
  • Жамбыл облысында ер адам әйелімен ренжісіп, көлігін өртеп жіберген

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 25 мың қызметкердің жалақысы өседі

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

Енді банктер қазақстандықтардың шоттары туралы деректі беруді бастайды

Қостанайда түзету балабақшасының қызметкерлері балаларды ұрып-соққан

Жамбыл облысында ер адам әйелімен ренжісіп, көлігін өртеп жіберген

Назарбаев университеті студентінің өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі