Павлодарда 4 өгей қызын зорлады деген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Павлодар облысында әпкелі-сіңлілі 4 өгей қызын зорлағаны үшін ер адам сот үкімімен 20 жылға сотталды.
Тергеу деректеріне сәйкес, өгей әкесі 2015-2017 жылдары мас күйде 2001, 2003, 2006 және 2010 жылғы өгей қыздарын зорлап келгені анықталды. Соттың мәліметінше, сотталушының кінәсі толық дәлелден.
«2017 жылғы 11 шілдедегі редакциядағы ҚК 120 бабы, 4 бөлігінде қарастырылған құқықбұзушылықты жасағаны үшін ер адам кінәлі деп танылып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», — деп сот үкімін оқыды Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.
Сот үкімі зардап шеккендердің, куәгерлердің, сонымен бірге сараптама қорытындыларының негізінде шығарылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.