• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 17 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз

Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз

17.07.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
3
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу
Облыстық білім басқармасы тарапынан аймақтағы мектепке дейінгі ұйымдарға жүргізілген жоспарлы мониторинг қорытындылары мен саладағы өзекті мәселелер туралы басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында кеңінен баяндады.
Брифингке облыста алғашқы болып типтік жобадағы «Шұғыла 1» «Нұр — Шұғыла», «Алтын Орда Шұғыла» жеке балабақшаларын ашып, әлі күнге дейін осы жұмысты жүйелі жүргізіп, аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенділік танытып келген, көптеген кәсіпкерлерге үлгі бола білген жеке кәсіпкер Алшынбаев Сейітқали Бегманұлын және Қызылорда облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Тоғанова Жақсыгүл Қоханқызы қатысты.
Басқарма басшысы өз баяндамасына тоқталар болсақ, аймақта бүгінгі күні 676 мектепке дейінгі ұйымда 50 079 тәрбиеленуде, 3 – 6 жас аралығында балаларды қамту үлесі – 100%, 2 – 6 жас аралығында – 92,6% құрайды. Ұлттық білім беру дерекқорындағы мәліметке сәйкес аймақ бойынша балабақшаларда 1600 бос орын қалыптасқан. Бұдан бөлек 700-ге жуық тәрбиешінің жетіспеушілігі бар. Айта кету керек, 464 жеке балабақшаның тек қана 75-і типтік жобадағы ғимараттарда орналасса, қалған 389-ы жеке және жалдамалы ғимараттарда, оның ішінде ыңғайластырылған коттедждерде, жеке тұрғын үйлер, ескі моншада орналасқан.
Осы ретте, біз республика көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың санына қатысты талдау жасадық. Біздің облыс балабақшалар саны жөнінен республикада Түркістан (1 432 МДҰ), Алматы (1 168 МДҰ) облыстарынан кейінгі үшінші орында (676 МДҰ). 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша біздің аймақтағы халық саны – 846 мың 683 адамды құраса, Түркістанда 2 млн 154 мың 308, Алматы облысында 1 млн 568 мың 757 адам тұрады. Осыдан – ақ, балабақшалар санының халық санына шаққандағы үлесінің тым жоғары екендігін көруге болады.
Жекеменшік балабақшалардың саны жөнінен республикада біздің өңір тағы да алдыңғы қатарда, яғни 6 орында. Республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларын есептемегенде, облыстар арасында Алматы, Түркістаннан кейінгі үшінші орын. Салыстырмалы түрде тағы бір дерек халық саны шамалас Ақтөбе облысында (950 мың 944 адам) 245 жеке балабақша, Маңғыстауда (808 мың 993 адам) 269 ғана жеке балабақша жұмыс жасап тұр.
Егер сапалы, қоғам сұранысына сай, адамгершілік пен адалдық қағидатын қатаң сақтап, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер болса оларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Керісінше, қазіргі таңда ата — аналар тарапынан жекеменшік балабақшаларда көрсетілетін қызметтің сапасына қатысты көңіл толмаушылық жағдайларының орын алып отыратындығы жасырын емес. Соңғы айлардағы Шиелі ауданындағы «Раяна» балабақшасы тәрбиеленушісінің бірнеше жерден тістелуі мен «Сыр болашағы» балабақшасындағы бүлдіршіннің ыстық суға күйіп қалуы, «Күнім ай» балабақшасының жеке көлікпен балаларды балабақшаға тасымалдауы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 бала ауыр хәлде жансақтау бөліміне түсуі дерегі қоғамдық резонанс тудырды.
Айта кету керек, балаларды тасымалдау ҚР Ішкі істер минситрлігінің «Білім беру ұйымдарындағы балаларды тасымалдауды ұйымдастыру туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығындағы талаптарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Ал, біздегі жеке балабақшалардың көпшілігі бұл талаптарды әлі күнге дейін орындамай келеді.
Өткен жылдары баланың тамақтан улану дерегі, оқу жылының басында Қызылорда қаласындағы «Нұр Әлемі», «Сыр Бесігі» балабақшаларындағы бала ұру, Қызылорда қаласындағы «Жас Ұрпақ» инклюзивті балабақшасындағы баланы керуерттен құлату деректері орын алған болатын. Осындай оқиғалардан-ақ кейбір жеке балабақшалар балалардың қауіпсіздігі мен өміріне немқұрайлықпен қарайтындығын көруге болады. Біздің қоғам бұндай жағдайларда үнсіз қалады немесе жергілікті атқарушы органды кінәлі санап шығады.
Мектепке дейінгі білім беру саласында аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жүйелі жұмыстар үздіксіз жүргізілуде.
2023 жылдың шілде айынан бастап барлық балабақшаларда «Face ID» мобильді қосымшасы енгізілді. Бұл ауадағы балалар мен келмей қалғандар үшін артық төленіп келген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етті. Осы арқылы біз 2023-2025 жылдардағы жеке балабақша иелерімен «ұрланып келген» 14 млрд. теңге қаржыны үнемдедік. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласымен жасалған өзектендіру (интеграция) нәтижесінде еңбекке жарамсыздық парағына, яғни больничныйға шыққан балалар туралы ата-аналардан анықтама талап етпей-ақ базадан көруге мүмкіндік берілді.
Бұл дегеніміз жалған анықтама жасаушылардың жолы кесілді деген сөз.
Біз осы жылға дейін бірнеше мәрте жеке балабақша құрылтайшыларын талапқа сай жұмыс істеуге шақырдық. Дегенмен, біздің ұсыныстар еленбеді. Балалардың жеке балабақшадағы жағдайы өзгеріссіз қалды.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының талабына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі ұйымдарда қаржы жылында бір рет осы Қағидалардың 19 — тармағының шарттарын сақтау және қамтамасыз ету бойынша жоспарлы мониторинг жүргізіледі. Осыған сәйкес, биылғы жылы қалалық және аудандық білім бөлімдері тарапынан жаңа атап өткен бұйрық негізінде жоспарлы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Аймақтағы 464 жекеменшік балабақшаның 219 немесе 47,2% Қызылорда қаласында орналасуы себепті мониторинг жұмыстары облыс орталығынан бастау алды. Қалалық білім бөлімі тарапынан 2025 жылдың 18 сәуір – 18 мамыр аралығында жоспарлы мониторинг жүргізілетіндігі туралы бір ай бұрын ескертпе хат жолданған. Соның өзінде балабақшаларда көптеген кемшіліктер анықталды.
Нәтижесінде кемшіліктер анықталған және оны қалпына келтірмеген, қалпына келтіргендігі жөнінде мәліметті ұсынбаған 42 балабақшаның мемлекеттік тапсырысы тоқталды.
Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша қағида нормаларын бұзу фактілерінің анықталғандығы туралы жасақталған Акт білім бөлімдерінің ресми интернет ресурстарында жарияланып, Актіні алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жоюға қосымша уақыт берілді. Дегенмен, жаңа жоғарыда атап өткендей кемшіліктерді толықтай жоймаған және бала өміріне қауіп төнген оқиғалар орын алған Қызылорда қаласы бойынша 44, Жаңақорған ауданы бойынша 24, Шиелі ауданы бойынша 26 мектепке дейінгі ұйымның мемлекеттік тапсырыс алушылар тізбесінен шығарылғандығы туралы қорытынды актісі жарияланып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тоқтатылды.
Қағида талаптарына сәйкес келмейтін 94 білім беру ұйымына мемлекеттік тапсырыс орналастыру тоқтатылғанымен, бұл балаларды қамтуға кері әсерін тигізбейді. Тәрбиеленушілер бос орындары бар Қағида талаптарына сәйкес жұмыс жасап отырған МДҰ–ға орналастырылатын болады.
Біздің мақсатымыз балаларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Бала өмірін өзінің бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз. Қоғам бұл жұмыстарды дұрыс қабылдайды деп есептеймін.
Алдыңғы пост

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  • Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
  • Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті
  • «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті
  • Қызылордада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының капсуласы салынды

Соңғы пікірлер

  1. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  2. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  5. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Қызылордада «URBAN-2025» халықаралық форумы өтті

«Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті

Қызылордада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауытының капсуласы салынды

Облыс әкімі Қызылордадағы білім беру мекемелерінің құрылыс барысын көрді

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі