• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 24 июля, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Көпір құрылысы қайта жанданды

24.07.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу
Қазалы – Қожабақы – Бозкөл – Кәукей бағытындағы автожолдың 16-шақырымында орналасқан, Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы жаңа мердігердің қатысуымен қайта жанданды. Бұған дейін бірнеше жыл тоқтап қалған нысан бүгінде құрылыс қарқынын қайта тапқан.

Көпір жобасы алғаш рет 2022 жылы қолға алынған болатын. Алайда алғашқы мердігер — «СтандартОйлКЗО» ЖШС өз міндеттемелерін толық орындамағандықтан, келісімшарт сот тәртібімен бұзылды. Кейін өткізілген конкурстың нәтижесінде жаңа мердігер – «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары қайта басталды.

Жалпы ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын бұл автожол III техникалық санатқа жатады. Қазіргі уақытта нысанда 70 дана свайға бұрғылап бетон құю, 3 ростверг, 2 ледорез, 2 ригель мен 2 тіреу салу жұмыстары орындалған. Сонымен қатар көпірге жалғасатын жолдарды көтеру мақсатында топырақ төсеу жұмыстары да жүргізілуде.

2024 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 758,4 миллион теңге құрылыс жұмыстарын жалғастыруға бағытталған. Қаржыландырудың тұрақты болуы – жобаның алға жылжуына айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Көпір құрылысы өңірдегі көлік қатынасын айтарлықтай жақсартпақ. Жоба толық аяқталғаннан кейін Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей ауылдарын байланыстыратын жол қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауға мүмкіндік береді. Бұл – шамамен 12 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық бастама.

Жақында осы құрылыс нысанында Парламент депутаттары Руслан Рүстемұлы мен Мұрат Нәлқожаұлымен бірге жүргізілген мониторинг барысында жұмыс барысы мен сапасына ерекше назар аударылды. Халықтың көптен күткен жобасы ретінде бұл көпірдің уақтылы әрі сапалы пайдалануға берілуі – басым міндеттердің бірі ретінде атап өтілді

Алдыңғы пост

Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Келесі пост

Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда

Келесі пост
Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда

Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті
  • Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда
  • Көпір құрылысы қайта жанданды
  • Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы
  • Қазалыда елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жас мамандардың республикалық слеті өтті

Шиеліде инфрақұрылым мен медицина нысандары жаңартылуда

Көпір құрылысы қайта жанданды

Қазалы вокзалы – ғасырлар куәсі, замана тынысы

Қазалыда елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Білім басқармасы үнемдеген қаржыны қайда бағыттап жатыр?

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі