• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 3 августа, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қазалыда жол құрылысы жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді

Қазалыда жол құрылысы жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді

03.08.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз-брифингінде аудандағы 2025 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы жоспарлар жайында бөлісті.

Аудан басшысы өз сөзінде соңғы жылдары өңірде жол құрылысы жұмыстары қарқын алғанын жеткізді.

— Жалпы ауданның коммуналдық меншігінде барлығы 375 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 259,1 шақырым асфальтты, 82,4 шақырым қиыршық тасты және 33,5 шақырым топырақты жолдар. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 91 пайызды құрайды.

Өткен жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін қайта жаңғыртуға, күрделі және орташа жөндеуге бюджеттен 1 633,9 млн. теңге қаржы бөлінді.

Оған 20,6 шақырым болатын «Бозкөл-Тасарық», «Бекарыстан би-Шөмішкөл» және тағы 224 метр жол, 4,9 шақырымдық 4 көше, Әйтеке би, Жанқожа батыр, Қазалы қаласының 15 көшесі, Оған қоса 3,1 шақырым болатын Әбілқайыр хан, Бегім ана, Сырым батыр көшелері күрделі жөндеуден өтіп, 6,16 шақырым болатын 26 көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында барлығы 23 жоба, оның ішінде Әйтеке би кентінен 19 көшені, елді мекендер бойынша 4 көшені орташа және күрделі жөндеу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту, Жанқожа батыр ауылының кіреберіс жолы мен «Әлсейіт» көпірінен бастап Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Аудан орталығының көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолы да тұрғындар жиі көтеретін мәселенің бірі еді. Өткен жылдан бері Жанқожа батыр көшесі мен Т.Бөріқұлақов және Қ.Пірімов көшелерінің қиылыстарына жол айрықтары салынып, Жанқожа батыр көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолы жаңарды. Қ.Пірімов көшесінен «Қазалы» мәдени-демалыс кешеніне дейін және Р. Бағланова көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынса, Ақарық каналынан аудандық емханаға дейінгі жаяу жүргіншілер жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде, — деді аудан әкімі.

Алдыңғы пост

Қазалыда халық тұрмысын жақсартатын ауқымды жобалар іске асуда

Келесі пост

Мәдени-демалыс кешені ашылды

Келесі пост
Мәдени-демалыс кешені ашылды

Мәдени-демалыс кешені ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
  • Теміржолшылар құрметке бөленді
  • Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты
  • Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды
  • Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Теміржолшылар құрметке бөленді

Аудандағы агросектордың жай-күйімен танысты

Мәжілісте әлеуметтік саланы дамыту мәселесі қаралды

Қазалы жол дистанциясына 120 жыл

Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастырды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі