• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 6 сентября, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ «МЕКТЕБІМ МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ӨТТІ

Мерекелік шаралар өтті

06.09.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
3
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін 1 қыркүйек — Білім күні. Барлық оқушылар үшін есте қалар ерекше күн. Себебі жаңа оқу жылының басталуымен бірге мектеп қабырғасына тарыдай болып келген оқушылар ойлары толысып, тағы бір сыныпқа жоғарылайды. Ал, білім ордасының табалдарығын алғаш аттағалы отырған жас бүлдіршіндеріміз болашақтың биік баспалдағына қадам басқалы тұр.

Бүгін Қазалы ауданындағы білім ошақтарының барлығында мерекеге орай «Мектебім мейірім мекені» тақырыбында шара өтті. Мерекелік шараларға бірінші сыныпқа қадам басып, мектеп табалдырығын аттап жатқан бүлдіршіндер мен олардың ата аналары және ұстаздар қатысты.

Ұстаздар қауымы үшін маңызды мерекелік жиынның бірі Әйтеке би кентіндегі биыл ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген Ж.Жабаев атындағы №234 мектепте өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат депутаты Әбдуәли Рақметов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов арнайы қатысып барша жиылғандарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Салтанатты шарада Жалғас Оңғарұлы ұстаздар мен оқушыларға шынайы ықылас білдіріп, аудандағы білім саласында атқарылған оң нәтижелі жұмыстар жайында айтып өтті.

— Тарихтан білесіздер, Қазалы өңірі – Сыр бойында тұңғыш мектеп ашылған қасиетті өлке. Осыдан-ақ аудандағы білім саласының тереңнен бастау алатынын байқауымызға болады. Бүгінде ауданымызда 38 білім ошағы, ал жалпы ауданымыздағы білім беру ұйымдарында 2500-ден астам педагог жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде толымды жұмыс жасауда. Биыл Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл наурыз айында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық жайлы мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар жыл сайын аудандағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Биыл ғана аудандағы Ж.Жабаев атындағы №234 мектеп күрделі жөндеуден өтсе, одан бөлек №70, 266, 249, 98, 165, 88, 216, 95 сынды 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл жұмыстардың барлығы биылғы жаңа оқу жылына дейін толық аяқталды. Сонымен бірге, Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ауласына ойын алаңын салуға қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта аудан орталығында 200 орындық Оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебін салу жоспарланып отыр. Баршаңызды бүгінгі мерекемен тағы да құттықтай отырып, дендеріңізге саулық отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Жаңа оқу жылы құтты болсын,- деді Жалғас Оңғарұлы.

Бұдан кейін аудандық мәслихат депутаты Әбдуали Рақметов, білім ордасындағы ата-аналардың атынан Бақытгүл Төлебаева және мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіген мердігер мекеменің жауапты өкілі құттықтау сөз сөйледі.

Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша өткен оқу жылында 11-ші сыныпты 944 оқушы тәмамдаса, оның 859-ы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысты. Қуантарлығы сол, оның ішінде 543 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл аудандағы білім саласының деңгейі қаншалықты биікте екенін аңғартады. Ал, биыл аудан бойынша 1 сыныпқа 1500-ге жуық бала қабылданады деп жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост

Қазалы ауданында алты айда атқарылған жұмыстар сараланды

Келесі пост

Қосалқы электр стансасының құрылысы жүруде

Келесі пост
Қосалқы  электр стансасының құрылысы жүруде

Қосалқы электр стансасының құрылысы жүруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалылық азаматтар әскерге аттанды
  • Қосалқы электр стансасының құрылысы жүруде
  • Мерекелік шаралар өтті
  • Қазалы ауданында алты айда атқарылған жұмыстар сараланды
  • «Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Қазалылық азаматтар әскерге аттанды

Қосалқы электр стансасының құрылысы жүруде

Мерекелік шаралар өтті

Қазалы ауданында алты айда атқарылған жұмыстар сараланды

«Таза Қазақстан»: Жалағаш ауданында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда

Қазалы ауданының делегациясы Отырар ауданында тәжірибе алмасты

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі