• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 11 сентября, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Батыр аманаты: Жанқожаның қылышы Қазалы музейінен орын алды

Батыр аманаты: Жанқожаның қылышы Қазалы музейінен орын алды

11.09.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Халқының тәуелсіздігі жолында ерлікпен күрескен даңқты қолбасшы Жанқожа Нұрмұхамедұлының тарихи қылышының көшірмесі туған жеріне жеткізілді. Баба ұрпақтарының бастамасымен жасалған бұл жәдігер бүгін Қазалы аудандық музейінің экспозициясынан орын алды. Ал түпнұсқа қылыш қазіргі таңда ҚР Ұлттық музейінің қорында сақтаулы тұр.

Аудандық «Руханият» орталығында өткен «Ұлы ерлікке тағзым: Жанқожа батырдың қылышы – ұрпақ аманаты» атты тағылымды шараға жергілікті билік өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым және батырдың ұрпақтары қатысты. Жиналғандар алдымен Жанқожа баба кесенесіне барып, рухына құран бағыштап қайтты.

Жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев ашып, батырдың қолынан өткен қасиетті қылыштың көшірмесін елге табыстаудың терең маңызын атап өтті.
– Бұл – бір ғана жәдігердің тарихы емес, тұтас ұлттың азаттық рухына тағзым ету. Жанқожа Нұрмұхамедұлының ұстаған қылышын туған жерге жеткізіп отырған ұрпақтарына алғыс айтамыз, – деді ол.

Келесі кезекте еңбек ардагері Берік Бисембаев пен батыр ұрпағы Алғашбай Байкөбеков сөз алып, бұл істің тек бір әулеттің ғана емес, барша елдің ортақ еңбегінің жемісі екенін жеткізді. Шара барысында тарихшылар да сөз сөйлеп, Жанқожаның ерлік жолына тоқталып, оның елдік мүдде жолындағы қызметін жан-жақты баяндады.

Салтанатты рәсімде қылыштың көшірмесі көпшілік назарына ұсынылып, арнайы экспозицияға қойылды.

Айта кетер жайт, түпнұсқа қылыш талай кезеңді бастан өткерген. Ол алғашында украиналық іздеушілердің қолына түсіп, кейін Ресейде сараптамадан өткен. Одан соң отаншыл азаматтардың күшімен сатып алынып, Қазақстанға жеткізілген. Тарихи деректерге сүйенсек, қылышты Жанқожа батырға Кенесары хан сыйға тартқан. Батыр бұл қаруды жауға қарсы жорықтарда өзі қолданған. Қылыш жүзінде арабша жазулар бар: бірінде «Жанқожа Нұрмұхамедұлы баһадүрге саурат (сыйлық)», екіншісінде «Созақ, 1845 жыл» деген жазу өрнектелген.

Алдыңғы пост

«ДАЛА КҮНІ – 2025»: ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Батыр аманаты: Жанқожаның қылышы Қазалы музейінен орын алды
  • «ДАЛА КҮНІ – 2025»: ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ
  • Парламент мінбері – құттықтау алаңы ма, әлде заң шығару орны ма?
  • Ресейге кіретін қазақстандықтарға жаңа шектеулер енгізілді
  • Аутизм көбейіп кетті, емделмесе өлтіру керек деп жазба қалдырған блогерге қылмыстық іс қозғалды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Батыр аманаты: Жанқожаның қылышы Қазалы музейінен орын алды

«ДАЛА КҮНІ – 2025»: ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

Парламент мінбері – құттықтау алаңы ма, әлде заң шығару орны ма?

Ресейге кіретін қазақстандықтарға жаңа шектеулер енгізілді

Аутизм көбейіп кетті, емделмесе өлтіру керек деп жазба қалдырған блогерге қылмыстық іс қозғалды

Алматыда самокатшы жаяу жүргіншіні көзінен айырды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі