Теміртауда жастар жалғызбасты қарияның үйіне кіріп, оны ұрып-соққан, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Теміртау қаласында кәмелетке толмағандар жалғызбасты қарттың үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, оны видеоға түсірген.
Тұрғындардың айтуынша, бұзақылар қарияға өздерін электрик ретінде алдап таныстырып, үйдің есігін аштырған. Қарт ер адам жалғыз тұрады, ал жақын туыстары қайтыс болған.
Жергілікті полиция кінәлілерге қатысты қылмыстық іс қозғады.