Алматы облысында 1 сәуір күні сот ғимаратынан қашып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Облыстық полиция ер адамның Ақши ауылында ұсталғанын мәлімдеді.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Енді оған негізгі қылмысынан бөлек, қамаудан қашқаны үшін қосымша айып тағылады.
Айта кетері, күдіктінің қашып кетуіне жол берген полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Бұған дейін Қаскелеңде кісі зорлады деп айыпталған ер адам сот ғимаратынан қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: @sputnik_aitady